Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-нда «Урологиядағы лапароскопиялық және эндоскопиялық әдістер» тақырыбы бойынша уролог дәрігерлерді оқыту өткізіледі.

2019 жылдың 7-8 маусымында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-нда уролог дәрігерлерді оқыту өткізіледі.

Форумға Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және Еуропаның урология және андрология саласының озық мамандары қатысатын болады.

Форумның басты тақырыптары: Эндоскопиялық және лапароскопиялық урология; Урологиядағы лазерлік хирургия; Несеп жолының реконструктивті хирургиясы;  Жыныс мүшесін протездеу; Қозулық дисфункция; Қуықалды безінің қатерсіз гиперплазиясы; Жоғарғы несеп жолдарының обструктивті аурулары; Несеп шығаратын органдардың инфекциясы; Бүйректің қатерлі ісігі; қуықасты безінің қатерлі ісігі;

Форум шеңберінде өткізілетін іс-шаралар: алғаш рет Астана қаласында Еуропалық Урологтар мектебінің бағдарламасы (ESU), урологиялық және андрологиялық ауруларды кіші инвазивтік емдеу бойынша шеберлік –сыныбы. Аталмыш іс-шара Еуропалық Урологтар қауымдастығының күнтізбелік оқиғасына енгізілген. Спикер ретінде Еуропалық урологтар қауымдастығының тәлімгері, профессор Ali Serdar Gozen (Германия), профессор Sascha Ahyai (Германия) сөз сөйлейді. Еуропалық Урологтардың мектебі бағдарламасы шеңберінде мыналар жоспарланған:

• эндоурологиялық және лапароскопиялық оталарды жасау техникасы бойынша профессор Ali Serdar Gozen, Sascha Ahyai, доктор Алексей Валерьевич Емельяненконың лекция оқуы;

• Лапароскопиялық оталар

• Қуықалды безін лазерлік энуклеациялау

• Мини-перк немесе микроперк

• Лапароскопиялық симуляторда  Hands on training session, tips and tricks session  өткізу, куәліктер табыстау

Форумға уролог, андролог дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар қатысатын болады.

«Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ және Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-ны Форумның қосалқы ұйымдастырушылары болып табылады.

Форумның соңында белгіленген үлгідегі куәліктер берілетін болады.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді