Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Әлемдік және қазақстандық неврологтар бас қосатын алғашқы съезд тәжірибе алаңына айналмақ

Күнделікті күйбең тірлікте заман көшінен қалмай, қатарымыздың алды болуға ұмтыламыз. Ал, өзімізге күтім жасауға келгенде, уақыт жетпейді. Жұмыстан бас алмай, тынымсыз тірлік ету жүйке жүйесіне әсер етпей қоймасы анық.  Сондықтан елордаға келген шетелдік неврологтар мезгілімен демалып, жүйкені тынықтыруға кеңес береді.

Сандро Мандолези, Италияның Кордиология департаменті, қар тамырлары хирургиясы бөлімінің профессоры:

Бұл менің Астанаға екінші рет келуім. Өз тәжірибеммен бөлісіп, ми мен бел қан тамырларының созылмалы ауруы туралы кеңінен әңгімелеп, әлемдік тәжірибені жас мамандарға жеткізсем деймін. Бұл аурудың салдары қан тамырларының склерозына алып келеді. Ал, жүйке жүйесіне бей-жай қарауға болмайды.

Профессор Сандро Мандолези Қазақстан неврологтарының I Съезіне қатысу үшін арнайы келді. Көргенін, көңілге түйгенін жеткізуге асықты ма, бас қалаға өзге әріптестерінен бұрын табан тіреді. Сөйтіп, елордалық дәрігерлер мен аурухана жағдайымен танысып, жастармен кездесу өткізіп, әлемдік тәжірибесімен бөлісті.

Сандро Мандолези, Италияның Кардиология департаменті, қар тамырлары хирургиясы бөлімінің профессоры:

Қан тамырларының склерозы жүйке ауруы ғана емес, бұл мәселені жан-жақты зерттеу қажет. Әлемде 2,5 миллион адам мұндай дертке шалдыққан. Оның ішінде 10 000-ына ғана ангиопластиканың көмегімен ота жасалды. Бұл жағдайды нақты түсіндіру үшін науқастардың қатысуымен шеберлік дәрісін өткізсем деймін.

Елімізде ми қан айналысының бұзылуына зор көңіл бөлінген. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 26 инсульт орталығы ашылған. Алда оның санын 48-ге жеткізу жоспарланған. Мұндай орталықтардың арқасында адам өлімі көрсеткіші төмендеп, аурудың асқынуына жол берілмейді.

Алма Жүсіпова, Астана қаласы Медицина университеті невропатология кафедрасының меңгерушісі:

Біз тұғңыш рет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен неврологтар сьезін өткізбекшіміз. Сьезд аясында ғылыми-конференциялар, шеберлік дәрістері өтеді. Дания, Австрия, Түркия,  Испания сынды көптеген елдерден озық тәжірибелі мамандар келеді. Неврология саласындағы ең өзекті мәселелер талқыланып, дәрігерлеріміз біліктіліктерін арттырады деп сенем.

Сьезд 23-25 қазан аралығында Астанадағы №1 қалалық ауруханада өтеді. Оған балалар мен ересек бейінінің невропатологтары, нейрохирургтар, ангиохирургтар, сәулелік диагностика дәрігерлері, оқытушылар мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген басқа да мамандар қатысады деп күтілуде.

Ақпарат Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан жолданған.
http://astana.kz/kk/modules/material/2909

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді