Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2014 жылғы 19 наурызда Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында астаналық Тілдер басқармасымен ұйымдастырылған «Армысың, әз Наурыз!» атты ауқымды қалалық байқауының шеңберінде басты көктемгі мереке салтанатты аталып өтті.

Екі ай аралығында төрт топқа бөлінген ауруханаішілік байқауға қатысушылар келесі тақырыптар бойынша өз көріністеріне белсенді дайындалды: «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Беташар», «Тұсау кесу». Әр топ өз тапсырмасын орындауға шығармашылықпен және креативті қарады.

Аурухана қызметкерлерінің қостауымен болған билер, әндер топтардың көрініс көрсетілімін нағыз театр қойылымындай етті. Әділқазылар байқауға қатысушыларды келесі өлшемдер бойынша бағалады: композиция және ашып көрсету тереңдігі, актерлік шеберлік, киім үлгісі және музыкамен сүйемелдеу.

Іс-шараның басты мақсаты Наурыз мейрамының ежелгі мағынасын, мазмұны мен мәнісін ашып, қазақ халқының мәдениетін, салты мен дәстүрін  көрсету болған.

Концерт аяқталғаннан кейін ұлттық мерекелік тамақтармен фуршет болып өтті.

 Қорыта айтсақ, мереке сәтті өтті. Байқаулық бағдарламаның барлық қатысушыларына сыйлықтар берілді. Бірақ ең басты сыйлық, көпшіліктің ойынша, №1 қалалық аурухананың үлкен және тату ұжымы  өз өзіне – өте жақсы көңіл күй мен естен кетпес әсер сыйлады.

 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді