Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2015 жылғы 14 мамырда Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының базасында қалалық және республикалық медициналық ұйымдардың мамандары қатысқан «Ағза берушінің ұйымдық-құқықтық аспектілері» атты оқыту семинары өтті.

Семинар «Нұрлы қоғам» Қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Қазақстанда донорлықты және ағзаны трансплантациялауын дамыту. Трансплантациялық үйлестіру» білім беретін жобаны жүзеге асыру шеңберінде «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ мен «Республикалық трансплантация бойынша үйлестіру орталығы» мекемесімен бірлесіп ұйымдастырылған болды.

Семинарда «Қазақстан Республикасындағы трансплантологиялық көмектің жағдайы. Бауыр, бүйрек пен басқа ағза ауруларының ақырғы сатысын емдеудегі ағза трансплантациясының рөлі. Мәйіт пен ағза донорлығының заңды және құқықтық аспектілері. Ми өлімін диагностикалау. Потенциалдық донордың кондициялау негіздері. Қазақстан Республикасында ағзаны трансплантациялау бағдарламасын дамыту»  сияқты мәселелер талқыланды. 

Ағза мен тіндерді трансплантациялау, медициналық ғылымның көптеген бағыттарын біріктіре отырып, денсаулық сақтаудың дербес саласы болып келетінін атап өту қажет. Халыққа трансплантологиялық көмек көрсету көрсеткіштерінің негізінде елдің денсаулық сақтауының даму деңгейін толығымен анықтайды.

Бүгінгі күнде Қазақстанның денсаулық сақтау деңгейі халыққа «ағза мен тіндерді трансплантациялау» бейіні бойынша жоғары технологиялық қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ағза мен тіндерді алмастыруға қатысатын жоғары кәсіптік мамандар дүние жүзінің белгілі клиникаларында оқыған. Мемлекет трансплантация бойынша операцияны жасауына және реципиенттерді кейінгі оңалтуына шығындарды толығымен қаржыландырады. Мидың қайтымсыз өлуімен емделушілерден донорлық ағзаларды алмастыру бойынша жасалған операциялардың саны жыл сайын өсуде.    

Семинар қорытындысы елімізде трансплантациялық белсенділікті жандандыру, яғни құтқарылған өмір санының артуы болатынына сенгіміз келеді.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді