Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2015 жылғы 28 тамызда Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында денсаулық сақтау басқармасының басшысы, медицина мекемелерінің өкілдері, реципиент пен донор қатысқан «Бауыр трансплантациясы. Алғашқы тәжірибе» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Астана қаласының №1 қалалық ауруханасы трансплантологияны дамытатын, Қазақстан Республикасындағы Қалалық деңгейдегі алғашқы стационар болып келеді. Шетел мамандарымен бірлесе  туыстық бауыр трансплантациясы бойынша алғашқы операция біздің клиникамыздың жағдайларында 2013 жылдың ақпан айында жасалған еді.

2013-2014 жылдар кезеңінде Сеул Ұлттық Университеті госпиталінің (Оңтүстік Корея) жетекші мамандарымен бірлесе туыстық бауыр трансплантациясы бойынша 12 операция жасалған.

2015 жылғы 11 тамызда шетел мамандарының қатысуынсыз Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының трансплантологтарымен Қазақстандағы алғашқы тірі донордан туыстық бауыр трансплантациясы жасалған болды.

Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына «Декомпенсация сатысындағы бауыр циррозы» диагнозымен Астана қаласының 35 жастағы тұрғыны түскен. Емделушіде алғашқы рет цирроздың клиникалық белгілері қатты әлсіздік, аяқтарында ісінулер пайда болғанда және ішінің көлемі ұлғайғанда 2014 жылы анықталған болды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап гепатологиялық орталыққа жүгінген, қанды тексерген кезінде В+Д гепатитінің оң анализдері анықталған. Одан кейін, гепатология орталығымен тірі донордан туыстық бауыр трансплантациясын жасау үшін Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына жіберілген. Донор Астана қаласының 23 жастағы тұрғыны реципиенттің жиені болды. Дәрігерлік терминологияға сәйкес реципиенттің жағдайы қанағаттанарлық, ал донор ауруханадан шығарылған.

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК жабдықталу деңгейі мен мамандар біліктілігі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін атап өткен жөн.     

Ағзаны алмастыру бойынща операция санының артуы Қазақстан Республикасында трансплантологияны дамытуындағы маңызды үлес болып келеді, яғни ол Қазақстан Республикасының медициналық қызметінің ең қысқа уақыт аралығында Дүние жүзіндегі бәсекелесуге қабілетті денсаулық сақтау қызметтерінің қатарына өту үшін қажет.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді