Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Бронх демікпесімен бүкіл әлемдік күресу күні – Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымымен (ӘДСҰ) бекітілген және «Бронх демікпесі бойынша ғаламдық бастамалар» GINA (GLOBAL Initiativefor Asthma) қамқорлығы мен жыл сайын мамыр айының бірінші сейсенбісінде өткізіледі. Биыл  «Ешқашан ерте емес, ешқашан кеш емес» ұранымен өтікілетін болады.

Бронх демікпесі (БД) – кеңінен таралған және созылмалы аурулардың бірі. ӘДСҰ ақпараты бойынша шамамен 300 миллиондай адам БД ауырады. БД жиілігі балалар арасында кішігірім санымен әртүрлі жас ерекшеліктері  бар 5 % бен 18 %-ға дейін құбылады. Тыныс алу органдары аурулары арасында БД өкпенің созылмалы обструктивті ауруынан (ӨСОА) кейін екінші орынды иеленеді. Демікпенің таралуы барынша артып келеді, әсіресе ірі қалаларда артып отыр. Қазақстан Республикасында БД  аурулар құрылымында негізгі жайғасымды иеленеді. Ресми статистика деректері бойынша Қазақстан Республикасында БД шамамен 100000 науқас тіркелген, алайда бұл сандар шынайы көрсеткіш санынан әлдеқайда төмен.

Астана қаласында қалыптасқан көпжылдық дәстүр бойынша «Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығы» ҚҰ күшімен біріге отырып, Денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру ортылығы бұл күні ақпараттық-білім беру бағдарламасын өткізеді және пульмонолог дәрігерлер пациенттермен консультация жүргізеді.

2018 жылдың 2 мамырында сағат 12.00 минутта №1 қалалық аурухананың базасында конференция өткізілетін болады, пульмонолог дәрігерлер пациенттермен және барлық ниет білдіруші тұлғалармен консультация жүргізеді. Спикер: ішкі аурулар кафедрасының профессоры, АМУ АҚ  кафедры внутренних болезний, МСЭ және оңалту кардиологы Ирина Юрьевна Мукатова.

Іс-шараның мақсаты – бронх демікпесі туралы, оның себеп-салдары, диагностика ерекшеліктері, емдеу және алдын-алу туралы қала тұрғындары мен пациенттердің ақпараттандырылуын жақсарту болып табылады.

Акцияның міндеті – қала тұрғындарының БД проблемаларына назарын аудару, БД даму себептері және қауіпі туралы ой-өрісін кеңейту,  БД деп кезінде анықтау маңыздылығы мен бақылауға алу туралы ақпараттандыру. Науқастардың өз денсаулығын бақылауды үйренуі алға қойған басты мақсаттардың бірі болып табылады. БД бақылау проблемасы пациент пен дәрігердің бірігіп күш жұмылдыруы арқасында шешілуі мүмкін. Сондай-ақ демікпенің ерте диагностикалау маңыздылығын ұғыну қажет, бұл ауруды мерзімінде анықтап дұрыс ем тағайындауға мүмкіндік береді.Тек осындай қадамдардың нәтижесінде БД толық бақылауға алуға қол жеткізуге болады және оның нәтижесі пациенттердің сапалы өмір сүруі болып табылады.

Акциядан күтілетін нәтижелер – бұл демікпені емдеу, диагностикалау мәселелері бойынша дәрігерлердің және пациенттердің сауаттылығын арттыру, заманауи ұсыныстарға сәйкес ауруды бақылау қолжетімділігі.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді