https://www.auruhana1.kz/index.php/kz/bizdi-zha-aly-tar/820-triatlon-park-astana-elorda-sayaba-ynda-densauly-festivali#sigProIdc0c8efb70a
2018 жылдың 9 қыкүйегінде «Триатлон Парк Астана» елорда саябағында «Салауатты болу үлгілі! Салауатты цифрларға қол жеткіз!» ұранымен «Денсаулық фестивалі - 2018» кең ауқымды акциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамның назарын салауатты өмір салтына аудару. Іс-шара шеңберінде халықаралық класс спортының шебері, марафоншы Желанбаев Мараттың басшылық етуімен және Азия мен әлем чемпионы Акшалова Мерей, КТК жоғарғы лигасының чемпионы, «Спарты Номад» командасының капитаны Джумадилов Данияр секілді қатысушылармен шеберлік-сыныптары жүргізілді, сосын жаппай жарысып жүрігу өткізілді.
Бұл іс-шараға ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-ның қызметкерлері де белсене қатысты және олар марафоншылардың ондығының қатарына енді. Спорт жарыстарының өзге де түрлерінің және жаппай жүрігу жарысының қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген Аурухана қызметкерлері естелік сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен, грамоталармен марапатталды.