Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-нында 2019 жылдың 18 қаңтарында сағат 9.00-де ISIS IOM нейрофизиологиялық интраоперациялық мониторингі жүйесін таныстыру рәсімі өткізілетін болады.

Мақсаты: неврологиялық асқынулар санын азайту

1) хирургиялық қимыл-қозғалыстың қауіпсіз, физиологиялық шегін белгілеу;

2) Жүйке жүйесі құрылымының емқателік зақымының алдын-алу;

3) ізделіп отырған жүйке құрылымының орналасуын тоқсату және ондағы патологиялық процестердің дамуы туралы мерзімінде ескерту.

Мониторингтің негізгі міндеттері:

1) Функционалдық навигация:

- Карталау – қабықтың және/немесе қабық асты жолдардың функционалдық аймағының орналасуын анықтау);

- операциялық алаңда бас сүйек-миы тамырын және/немесе жұлындық түбін табу, олардың функционалдық жағдайын тексеру;

2) Хирургтың әрекеттерін байқау:

- Хирургтың қимыл-қозғалысының қауіпсіздігін бағалау, жүйке жүйесі құрылымының жарақаттану белгілерін анықтау.

ISIS IOM жүйесі (inomed Medizintechnik, Германия) – аса функционалдық, әмбебап және эргономикалық нейрофизиологиялық интраоперациялық мониторинг жүйе. Бұл аппарат әлемдік тәжіибеде қолданылатын нейромониторинг режимдерін орындауға мүмкіндік береді: электромиография, электроэнцефалография, туындатылған моторлық және сенсорлық қарым (сомато-сенсорлық, есту және көру), сондай-ақ микроэлектродты жазба және миды терең ширықтыру жүргізу.

ISIS IOM – нейрофизиологиялық мониторингтің аса тиімді жүйесі, ауырлықтың кез-келген дәрежесіндегі оталарды жасау және Пакинсон, қояншық ауруларын емдеу кезінде пациенттің барынша қауіпсіздігін

қамтамасыз ететін функционалдық нейрохирургия үшін тағайындалған. Алайда бұл аппарат заманауи нейрохирургияның «алтын стандартын» табысты іске асыра алады – мультимодальді интраоперациялық нейромониторинг. ISIS IOM техникалық және функционалдық көрсеткіштердің жиынтығы, беріктігі, қарапайымдылығы бойынша әлемде аналогтары жоқ.

18 қаңтардағы Таныстыру бағдарламасы:

1. Сағат 09.00 – лекция «Үшкіл жүйкенің невралгиясын радиожиілікті абляция әдісімен емдеу» және «Ауырып сыздауды емдеудің интервенциялық әдістері» (сөз сөйлейтін спикерлер: №1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері Танкачеев Рамиль Шамильевич және Жумадильдина Айгерим Жаксыбаевна). Туындаған сұрақтарға №1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Файзулла Хабдулмажитович Смагулов жауап береді.

2. Сағат 09:20 - ота жасау «Ауырып сыздаудағы радиожиілікті абляция».

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді