Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2019 жылдың 27 ақпанында сағат 10.00-де Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-нда  «Жүрек қан-тамыр патологиясы кезінде 2-ші типті қант диабетін емдеудің заманауи әдістері» тақырыбында семинар өткізіледі.

Мақсаты: Аудитория назарына 2-ші типті қант диабетінің өзектілігін жеткізу. Клиникалық тәжірибеде дәрілік заттарды тиімді пайдалану және дәлелдік медицина қаңидаларын әрі қарай ендіру.

Өзектілік: Жүрек қан-тамыр патологиясы кезінде 2-ші типті қант диабетінің кеңінен тарау мәселесі. Сонымен қатар бұл дерт жылсайын барлық елдерде артып отыр.

Сөз сөйлейтін спикерлер: Жанар Абайдуллаевна Камитбекова, Ляззат Кабесовна Айшуакова, Гаухар Ратовна Изимова.

Форсига — қант диабетін емдеуге арналған жаңа препарат.

Жақында аған Ресейде диабетке шалдыққан адамдар үшін жаңа әсері бар жаңа класты қант мөлшерін төмендететін зат қолжетімді болды. 2-ші типті диабетке қарсы Форсига дәрілік заты алғаш болып біздің елде 2014 жылы тіркеуден өтті. Препаратты зерттеу нәтижесі өте керемет, оны қолдану қабылдайтын дәрілердің мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді, ал кейбір жағдайларда дерттің ауыр ағыны кезінде инсулин салуды жояды.

Форсига препараты несептегі глюкозаны бұғаттауға және осы түнектерді жабуға қабілетті фармкомпаниялардың ізденісінің арқасында мәлім болды. Зерттеулер өткен ғасырда басталды, нәтижесінде  2011 жылы Bristol-Myers Squibb және AstraZeneca компанияларымен қант диабетін емдеуге арналған жаңа затты тіркеуге өтінім берілді.

Форсига препаратының әсері бүйректің қандағы глюкозаны жинау және оны несеп құрамымен шығару қабілетіне негізделген. Біздің организмдегі қан зат алмасу өнімдерімен және уытты заттармен үнемі ластанып отырады. 

Бауырдың атқаратын рөлі – осы заттарды сүзгілеу және оларды шығарып тастау. Ол үшін қан бүйректі шумақтардан тәулігіне бірнеше мәрте өтеді. Бірінші сатыда қанның ақуызды компоненттері ғана сүзгілеуден өтпейді, ал қалған сұйықтықтың бәрі шумақшаға келіп түседі. Бұл бастапқы несеп деп аталады, ол күні бойы он литрдей түзеді.

2-ші типті қант диабетінің асқынулары кезінде таңдау препараты:

Диабеттік  нефропатия .

1) 2-ші типті қант диабетін емдеуге және оның алдын-алуға арналған Сиофор  —  бұл әлемдегі ең танымал дәрілік зат. Сиофор — препараттың сауда атауы, оның әрекет етуші заты метформин деп аталады. Бұл дәрілік зат инсулиннің әрекет етуіне қатысты жасушалардың сезімталдығын арттырады, яғни инсулин төзімділігін төмендетеді. Диабетті емдеу үшін Сиофорды монотерапия түрінде қолдануға болады (жалғыз дәрілік зат), сондай-ақ қантты төмендететін өзге де таблеткалармен немесе инсулинмен бірге аралас қолдануға болады.

2) Берлитион 600 ЕД . Берлитионмен жүргізілген емдеу глюкозаның плазмалық құрамын азайтуға және бауыр гликогені деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, инсулин төзімділігін әлсіретеді, холестеринді ындыландырады, липидті және көмірсу алмасуын реттейді. Тиокт қышқылы өзінің антиоксидантты белсенділігінің арқасында адам организмінің жасушаларын олардың ыдырағыш өнімдерімен келтірілетін зақымдардан қорғайды.

Қант диабетімен ауыратын науқастарда тиокт қышқылы жүйке жасушаларындағы ақуызды әсердің ақырғы өнімдерін бөлуді төмендетеді, микроайналымды арттырады және эндоневралды қан айналымын жақсартады, глутатион антиоксидантының физиологиялық қоюлануын арттырады. Глюкозаның плазмалық құрамын төмендету қасиетінің арқасында оның зат алмасуының балама жолына ықпал етеді.

Тиокт қышқылы патологиялық полиолды алмасу өнімінің шоғырлауын азайтады, яғни жүйке тіндерінің ісінуін азайтуға ықпал етеді. Жүйкелік импульс пен энергетикалық алмасу жүргізуді ретке келтіреді. Май зат алмасуына қатысу фосфолипидтердің биосинтезін жақсартуды, нәтижесінде мембраналық жасушалардың зақымданған құрылымы ретке келеді. Ішімдікті (пирожүзім қышқылы, ацетальдегид) зат алмасу өнімдерінің уытты әсерін жояды, оттектің бос радикал молекулаларын артығымен бөлуді азайтады, қыжыл сезімі, жансыздану және аяқ-қол буындарының ауырсынуы, жалған сезім (парестезия) түрінде туындайтын полинейропатия белгілерін жеңілдететін ишемияны және эндоневральді гипоксияны төментедеді.

Жоғарыда жазылғандарды ескере отырып, тиокт қышқылы өзінің гипогликемиялық, нейротрофиялық және антиоксидантты белсенділігімен, сондай-ақ жақсартушы липидті зат алмасу әсерімен  сипатталады. Препараттың құрамында этилендиами тұзы түріндегі белсенді қоспа бөлшегін пайдалану тиокт қышқылының жағымсыз жанама әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Ауыз арқылы қабылдау кезінде тиокт қышқылы асқазан-ішек жолдарынан (параллельді түрде қабылданатын тағам сіңіруді бірнеше мәірте төмендетеді) жылдам және толығымен сіңіріледі. Плазмадағы  Тcmax шамамен 25-60 минут ішінде құбылады (к/і енгізу кезінде 10-11 минут). Плазмалық Cmax 25-38 мкг/мл құрайды. Биоқолжетімділік шамамен 30%; Vd шамамен 450 мл/кг; AUC шамамен 5 мкг/ч/мл.

Тиокт қышқылы бауыр арқылы «бірінші болып өту» әсеріне ұшыраған. Зат алмасу өнімдерін бөлу конъюгация және бүйір тізбекті қышқылдандыру процесінің арқасында ғана мүмкін. Метаболиттер түріндегі экскреция 80-90% бүйрек арқылы іске асырылады. Т1/2 шамамен 25 минутты қамтиды. Бірлескен плазмалық тазарту (клиренс) 10-15 мл/мин/кг тең.

 

2019 жылдың 27 ақпанына арналған семинардың бағдарламасы:

Сағат 09.30 – тіркеу 

Сағат 09:30 БАҚ 

Сағат 10:00 АМУ кафедрасының доценті, м.ғ.к.,  Анна Витеньтева Базарова «Жүрек қан-тамыр патологиясы кезінде 2-ші типті қант диабетін емдеудің заманауи әдістері» тақырыбында лекция оқиды.

Сағат 10.45   Клиникалық жағдайды талқылау 

Сағат 11:00 – эндокринология бөлімшесінің меңгерушісі Жанар Абайдуллаевна Камитбекова «Сиофор, Берлитион» тақырыбында баяндама оқиды.

Сағат 11.30. Фуршет 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді