Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Өмірдің заманауи ағыны адамды көптеген сынаққа ұшыратады, бұл өз кезегінде адам денсаулығына ықпал етеді. Алайда көптеген ақыл-ой және физикалық ауыртпалықтардан кейін өз организміңді қалпына келтіруге мүмкіндік беруге уақыт жоқ. Нәтижесінде емдеуді талап ететін аурулар тобын иеленеміз, яғни көптеген шығынды, уақытты және сабырлықты жұмсаймыз.

Бақытымызға орай, медициналық қызмет көрсету бір орнында тұрмайды. Сондықтан да өз денсаулығын бағалайтындарға ауруды ерте кезеңде яғни дерттің клиникалық белгілері көрініс таппаса да диагностикалау ұсынылады. Адам организмінің әртүрлі органдары мен органдар жүйесін толық диагностикалау бағдарламасы – бұл Check-Up кешенді қызметтері болып табылады.

Астана қ., №1 қалалық ауруханасындағы Check-Up орталығында зерттеудің 10 бағдарламасы ұсынылады. Сонымен қатар клиенттің қалауы бойынша әр бағдарлама оның ілеспе ауруларын және бұдан алдын жүргізілген зерттеу қорытындысын ескере отырып, жеке әзірленуі мүмкін. Әрбір зерттеуді жарты күн (2 сағаттан 5 сағатқа дейін) ішінде бір медицина мекемесінде өтуге болады. Барлық зерттеулердің қорытындылары дәл сол күні дайын болады. Осы қорытындылар нәтижесінде дәрігер терапевт емдеу бойынша немесе анықталған аурудың алдын-алу бойынша ұсыныстары бар кешенді қорытындыны дайындайды. 

«Кардиологиялық зерттеу» бағдарламасы.

Жүрек ауруларының даму қауіпі факторларын анықтауға бағытталған, яғни: миокарда инфаркты, құрсақ қолқасы бөлігінің қан тамырларының кеңеюі, гипертониялық ауру және басқалар.  

«Орталық жүйке жүйесі» бағдарламасы.

Инсульттың дамуына және ми қан айналымының бұзылуына ықпал ететін себеп-салдарды және қауіп факторларын анықтауға бағытталған. 

«Жүйке тамырларының шеткі жүйесі» бағдарламасы.

Жүйке тамырларының шеткі жүйесінің жағдайын және жүйке ауруларының қауіп факторларын диагностикалау.

Гастроэнерологичялық Check-up.

Асқазан-ішек жолының жағдайын шұғыл бағалауға және қатерлі аурулардың дамуын алдын-алуға мүмкіндік береді.

«Гепатологиялық зерттеу» бағдарламасы.

Бауыр ауруларының даму қауіпі факторларын, оның ішінде В және С вирусты гепатитін, бауырдың қатерлі ісігін, бауырдың май басуын, бауырдың тамырлы және метоболиялық ауруларын анықтауға бағытталған.

Бауырды Check-up бақылау.

Бұл тар шеңберде мамандандырылған медициналық және зертханалық зерттеу. Бауырдың жұмысын және оның ферменттік алмасуын  шұғыл  бағалауға мүмкіндік береді.

«Ерлер денсаулығы» бағдарламасы.

Ерлерге арналған толық базалық бағдарлама – жүйке жүйесінен басталып урологиямен аяқталатын зерттеу. Зат алмасудың бұзылуына қатысты ерлердің эндокриндік, репродуктивтік жүйесінің функцияларын диагностикалық зерттеу.

«Әйелдер денсаулығы» бағдарламасы.

Әйелдерге арналған базалық бағдарлама – бұл терапевттің, гинекологтың қарап-тексеруі, қан талдауы, ФГДС рентгені, окулист, лор, гинеколог дәрігерлерінің кеңесі, УДЗ, МРТ, функционалдық диагностика – кардиограмма. Әйелдің репродуктивті жүйесінің жағдайын, жоспарланған жүктіліктің алдында гормональді мәртебесін  диагностикалық зерттеу.

«Детокс» бағдарламасы.

«Детокс» бағдарламасы – бұл организмдегі шлактар мен токсиндерді шығаруға бағытталған емдік-алдын алу іс-шаралардың кешені.  Бағдарлама мыналарды қамтиды: жеке емдәмді әзірлеу (мәзір), организмнен шлактарды шығару, сондай-ақ емдік-алдын алу әдістемелерінің (физиопроцедур) кеңейтілген тізімін қолдану, қажет болса психолог дәрігермен психотүзету дәрістерін өткізу. 

Офтальмологиялық Check-up.

Көз іші қысымын өлшеу, қыли көзділікке тест жүргізу, биомикроскопия, көздің көргіштігін анықтау, периметрия, қасақ қабықтан бөтен денелерді алып тастау және конъюнктива, парабульбарлы инъекция, самайға инъекция, қабақты уқалау.  Көзілдірік таңдау, дәрі қағаз жазу.

УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ – КЛИЕНТ ҮШІН  ӨТЕ ҚОЛАЙЛЫ

Әрбір кешенді бағдарламаның құны -50 мың теңгеден басталады. Бірнеше бағыттар бойынша кешенді диагностика жүргізуді қалайтындар үшін. Зерттеу жүргізу кезеңі ішінде клиентті медицина қызметкері алып жүреді. Ешқандай  кезек күтудің және уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Барлық рәсім минутпен жоспарланған. Емделушілердің қабылдауын жүргізетін дәрігерлер жоғары санатты иеленеді және шетелде оқытудан өткен. 

Орталық жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс жасайды. Диагностиканы алдын-ада дайындықпен таңертеңнен  (аш қарынға) бастауға кеңес береміз. 

Ең бастысы адам денсаулығы бақыттың маңызды компоненттерінің бірі және өзін-өзі танытудың  негізі болып табылатынын есте сақтау қажет. 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді