2019 жылдың 2 наурызында №62 мектеп-лицей базасында өткен «Сау бүйрек-денсаулық пен ұзақ өмір сүру кепілі» науқанының аяқталуына орай бүгін 6 наурыз күні Астана қ., бас нефрологы Д.К. Туребековпен кездесу өтті.
Ол өзінің баяндамасында бүйректің созылмалы ауруы, оның даму себептері және оның арта түсуі туралы,сондай-ақ мерзімінде алдын-алу шаралары туралы айтып берді.
«Астана медициналық университеті» АҚ ішкі аурулар кафедрасының көмекшісі Т.Т. Цой жүргізілген скрининг қорытындысын ұсынды.
Скринингке қатысқан барлық қатысушылар сауықтыру бойынша жеке ұсыныстар алды. Кездесудің қатысушы-тәлімгерлері осындай науқанды өткізу қажеттілігін атап өтті және осы науқанды ұйымдастырушыларға зор алғыс білдірді.
https://www.auruhana1.kz/index.php/kz/bizdi-zha-aly-tar/950-2019-zhyldy-2-nauryzynda-62-mektep-litsej-bazasynda-tken-sau-b-jrek-densauly-pen-za-mir-s-ru-kepili#sigProId3fc7aaca20