Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Дүниежүзілік бүйрек күні 2006 жылы Халықаралық нефрологтар қауымдастығы мен нефрология ұйымының халықаралық федерациясымен бекітілді.

2019 жылдың 15 наурызында Дүниежүзілік бүйрек күні  бүйрек ауруларының алдын-алуға бағытталған  және «Барлық жерде және бәріне сау бүйрек» ұранымен өтеді

Созылмалы бүйрек ауруы (СБА) барлық әлемдегі қоғамдық денсаулықты сақтауда күрделі мәселе болып табылады, яғни бүйрек жеткіліксіздігі және науқастардың мерзімінен бұрын қайтыс болуы оның салдары болуы мүмкін. Қазіргі таңда СБА өлім-жітім себеп-салдары арасында 6-шы орынды иеленеді. Әлемде 850 миллион адам әртүрлі бүйрек ауруларымен ауырады. СБА жылына 2,4 миллион адам өліміне әкеп соғады, ал СБА басты даму себептерінің  бірі олып табылатын бүйректің жіті зақымдануы әлемде 13 миллион адамды зақымдайды. Статистика деректері бойынша Қазақстан Республикасында 2018 жылы  бағдарламалық гемодиализді (БГД) 6502 емделуші (2017 жылы -5720) қабылдады.  Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша 361 емделуші СБА ауыр сатысымен ауырады және БГД қабылдауда.

Науқанның мақсаты: созылмалы бүйрек ауруының ерте алдын-алу, диагностикалау және емдеу туралы тұрғындарды ақараттандыруды арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын, физикалық белсенділігін  дәріптеу. «Сау бүйрек – салауатты және ұзақ өмір сүру кепілі». 

«Барлық жерде және бәріне сау бүйрек» ұранымен  Дүниежүзілік бүйрек күніне орай мынадай іс-шаралар жоспарланған:

1) 2019 жылдың 2 наурызында СБА сатысын, күретамырлы қысымның көтерілуін анықтай отырып, шумақтық сүзілу жылдамдығын (ШСЖ) есептеу үшін қандағы креатинин деңгейін зерттеу жолымен Астана қ., №62 мектеп-лицейінің қызметкерлері арасында СБА скринингін жүргізу, сауалнама алу жоспарланған. Өткізу орны:  Астана қ., Мәскеу көш., 41, №62 мектеп-лицей.

2) 2019 жылдың 6 наурызында №62 мектеп-лицейінің қызметкерлері арасында жүргізілген скрининг қорытындысымен Астана қ., Денсаулық сақтау басқармасының бас нефрологы сөз сөйлейді және «Созылмалы бүйрек ауруының ерте сатылары» тақырыбына таныстыру өткізіледі. Өткізу орны:  Астана қ., Мәскеу көш., 41, №62 мектеп-лицейінің акт залы.

3) 2019 жылдың 15 наурызында АМСК (жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, кардиологтар, эндокринологтар) дәрігерлері үшін Дүниежүзілік бүйрек күніне арналған «Нефрологияның маңызды проблемалары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді. Өткізу орны: Астана қ., ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК, Р. Қошқарбаев даңғ., 66, мәжіліс залы, 2-ші қабат.

Науқан БАҚ-ның қатысуымен және мынадай компаниялардың қолдауымен өтеді: «B.B.Nura» ЖШС, «Химфарм»АҚ, «SANTO» компаниясы, «DariQz»  ЖШС  (Ресми дистрибьютор Fresenius Kabi),   «Олимп»  КДЗ, интерн дәрігерлер, «АМУ» АҚ резиденттері.

Ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы «Нефрологияның маңызды проблемалары»

Өткізу орны: Астана қ., ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК, Р. Қошқарбаев даңғ., 66, мәжіліс залы, 2-ші қабат .

Өткізу күні: 2019 жылдың 15 наурызы. Басталуы сағат 14.00-де.

Төрағалық етуші: Астана қаласы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының бас нефрологы,  нефрология бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.д., доцент Туребеков Д.К.

Уақыты Іс-шара
13.30-14.00 Қаысушыларды тіркеу
Мәжіліс -залы, 2- қабат
14.00 – 14.10 Құттықтау сөз ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК бас дәрігері Абдуов М.К. «ҚР трансплантологтар және диализ дәрігерлері, нефрологтар қоғамы» РҰҰ басшысы
профессор Туганбекова С.К
14.15- 15.00 Созылмалы бүйрек ауруы. Кардиореналы континуум. Нефропротективті стратегия. Астана қаласы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының бас нефрологы,  нефрология бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.д., доцент Туребеков Д.К.
15.00-15.20 № 62 мектеп-лицейінің мұғалімдері арасында созылмалы бүйрек ауруын ерте анықтау бойынша жүргізілген скрининг қорытындысы  «АМУ» АҚ ішкі аурулар интернатурасы кафедрасының ассистенті Цой Т.Т.
15.20 – 16.00 2-ші типті қант диабетімен ауыратын науқастардың созылмалы бүйрек ауруымен ауыруы. Қант деңгейін төмендету терапиясына қатысты заманауи қадамдар. «АМУ» АҚ  Оңалту және МСЭ, ішкі аурулар, кардиология кафедрасының доценті Базарова А.В.
Сұрақтар. Талқылаулар. Кеңестер беру
Кофе-брейк.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді