Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Басты мақсаты: бронх демікпесі мәселелеріне қоғамның назарын аудару, бронх демікпесінің алдын-алу шаралары туралы тұрғындардың хабардар болу деңгейін арттыру, оның ішінде қауіп факторын жою туралы, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау және физикалық белсенділік, сондай-ақ темекі тартудан, ішімдік ішуден бас тарту дағдыларын қалыптастыру, гигиеналық қағидаларды сақтау, тітіркену ауруларының алдын-алу және оны мерзімінде емдеу, медициналық және медициналық емес ұсыныстарды орындауға қатысты бейілділік, өзін-өзі бақылау, өзіндік менеджмент дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығына қатысты ынтымақты жауапкершілік.

Өткізілетін іс-шара туралы қысқаша сипаттама: 

Дүниежүзілік Бронх демікпесімен күресу күнін орайластырылған «Демікпесіз өмір сүр» ұлттық бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдың 4 мамырында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-ны Респираторлық Медицина мамандарының қауымдастығымен бірлесе отырып бронх демікпесі бойынша диспансерлік есепте тұрған емделушілер үшін семинар өткізді. 

Бронх демікпесі- бұл тыныс алу жолдарының созылмалы қабынуы, яғни ентігу түрінде байқалады, дәлірек айтқанда жөтел қаншалықты жиі әрі терең болған сайын адамның тынысы тарылады.  Бұл тыныс алу каналдарының қандайда бір тітіркеніштерге тым қатты әсер етуінен болады, яғни тітіркене отырып олар тарылады, сол себепті адам тыныс алғанда тұншыға бастайды. Бронх демікпесі кез келген жастағы адамда пайда болады, әсіресе ол балалар жасында жиі басталады – мұндай жастағы адамдардың тең жартысы мұндай дерттен айығып та кетеді. Қазір шамамен есеп бойынша 300-ден 500 миллион адам жер бетінде осы дертке шалдыққан және жылсайын оның саны артып келеді.

Тұрақты физикалық жаттығулар тыныс алуға ықпал ететін бұлшықеттерді қатайтады, гипоксия қауіпін төмендетеді, асқынуды тез әрі қарапайым тәсілмен өткеруге ықпал етеді. Организмге үлкен салмақ түсіретін спорт түрлерімен айналысуға болмайды, мысалы, алыс қашықтыққа жүгіру, штангы көтеру, белтемірмен, қоссырықпен және сақинамен айналысу және т.б. Ең дұрысы қысқы спорт түрлерімен айналыспаған жөн  (биатлон, шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау, хоккей, себебі демікпемен ауыратын көп адамдарда суық ауа  бронхтың тарылуына әкеп соғады. Ұзақ уақыт тыныс алуды кідіртуді талап ететін спорт түрлерімен айналысуға болмайды (су астында жүзу).

Сондай-ақ өзінің дертін жеңіп чемпион атанған адамдар да бар. Қабылдай алмайтын тағам өнімдерінің ұсыныстарынсыз бронх демікпесі кезінде гипоаллергиялық емдәм ұсынылады. Бұл жағдайда тағамдардан жоғары тітіркендіргіш азық-түліктер және бейтәндік тітіркендіргіш қасиеті бар азық-түліктер алынып тасталады. Асқыну кезеңінен тыс тағамдану толыққанды болуға тиіс, бірақ шамадан тыс болмауы керек. Күштілігі жоғары ет және  балық сорпасы, қайнатпа тұз, ащы және тұзды азық-түліктер, дәмдеуіштер, тұздықтар, қант және оны қамтитын өнімдер, бал, шоколад өнімдері шектеледі. В тобының. С.Р. А дәрумендерін жеткілікті түрле пайдалану ұсынылады. Бұл дәрумендер организмнің әрекет қабілетін қалыпқа келтіреді. Тағаммен бірге кальция тұзын және фосфорды пайдалану ішек жұмысын қалыпқа келтіреді және зат алмасу процесін жақсартады.

 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді