Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ КОЛОПРОКТОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Колопроктология – хирургиядағы біршама жаңа бағыттарының бірі, оның дамуы кез келген экономикасы дамыған мемлекеттің ажыратылмас бөлігі болып табылады. Адамның тамақтану сипаты өзгеруіне және аз қимылдауына байланысты, асқазан-ішек жолдарының аурулары құрылымындағы тоқ және тікішек патологиясы көп таралғандығы жағынан жетекші позицияларының бірін алады. 

Егер Сіз төмен аталған симтомдардың біреуін өзіңізде байқасаңыз, колопроктологқа немесе проктологқа көрінуіңізді ұсынамыз: 

  • ауыру, жайсыздық, айналшық қышымасы
  • айналшықтан қанның шығуы 
  • үлкен дәретке қиналып отыру
  • сегізкөз аумағында, перианустық аумақта ауырсыну, қабынба 

№1 көпбейінді қалалық аурухана базасындағы Амбулаториялық колопроктология орталығы колопроктологиялық аурулармен айналысатын Астана қаласындағы жалғыз мамандандырылған орталық болып табылады. Орталықтың құрылған күні Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының № 280-ө бұйрығына сәйкес 2013 жылдың 10 сәуірі болып саналады. Бірақ колоректальді хирургия №1 көпбейінді қалалық ауруханада көп жылдар бұрын дами бастаған. Қазақстандағы жетекші колопроктологтардың бірі медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.В. Мун көп жылдарын осы ғылымға арнаған, №1 көпбейінді қалалық ауруханасының хирургия бөлімшесінің базасында жұмыс істей отырып өз колопроктологтар мектебін құрған. Оның басшылық етуімен Қазақстанның түрлі өңірлерінде табысты жұмыс істейтін, толып жатқан колоректальді хирургтар тәрбиеленген.

Амбулаториялық колопроктология орталығын құрудың негізгі мақсаты колоректальді аурулармен пациенттерге, сондай-ақ стомирацияланған пациенттерге мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмекті көрсету болып табылады.

Осында пациенттер білікті консультацияны алады және барлық қажетті тексерулерден өтеді (функциялық, рентгенологиялық, эндоскопиялық, УДЗ-зерттеулерді және т.б.), сондай-ақ тәжірибелі дәрігерлер мен медбикелердің бақылауында қажетті манипуляцияларды жүзеге асырады. Сіз өзіңіз үшін ыңғайлы қай уақытта болса да біздің клиникамыздың базасында тексеру мен емдеудің толық курсын өте аласыз. Іс жүзінде барлық проктологиялық пациенттерді хирургиялық емдеу инновациялық технологияларды қолдануымен жүргізіледі, ол күндізгі стационар жағдайларында емдеуді жүргізуге жағдай туғызады. Амбулаториялық ем уақытты ғана емес, және де пациенттің қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  1. тоқішек ауруларының диагностикасы (мегаколон, долихомегаколон, дивертикулез, полипоз) 
  2. колоректальді обырды анықтау бойынша скринигті өткізу
  3. эндоскопия (аноскопия, ректоскопия, ректороманоскопия, колоноскопия)
  4. рентгенография (проктография, ирригография, асқазан-ішек жолдарымен барийдің өтуі) 
  5. геморройды, сфинктеритті, папиллитті, криптитті операциясыз емдеу
  6. бейспецификалы ойықжаралы колитті, Крон ауруын, айқындалмаған колитті, созылмалы колитті операциясыз емдеу
  7. Колопроктологиялық операциялардың барлық түрлері.

 Орталық құрылымында 2 орынды палата бар (ерлер және әйелдер).   Орталықты Тян Леонид Владимирович – жоғары санатты дәрігер-проктолог, медицина ғылыдарының кандидаты, Қазақстанның, Ресей Федерациясының колоректальді хирургтар қауымдастығының, Қазақстан мен Ресей Федерациясының эндоскопиялық хирургтар қауымдастығының, Ресей Федерациясының гастроэнтерологтар қауымдастығының мүшесі басқарады.

Орталық қабылдау мен емді қалалық емханалардың жолдамасы бойынша бюджеттік негізде (тегін), сондай-ақ ақылы негізде көрсетеді.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 27 20 22 – Амбулаториялық колопроктология орталығы

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК

Амбулаториялық колопроктология орталығы, 1 қабат.

 

Орталыққа жіберу үшін көрсетімдер

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді