--

Тендер ұйымдастырушы: Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Қошқарбаев даңғылы 66, дәрілік заттар сатып алу бойынша тендер жүргiзілетіні туралы хабарлайды.

Сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны және егжей-тегжейлi өзiндiк ерекшелiктері тендерлiк құжаттамада көрсетiлген.

Тауар соңғы алушыға тендерлiк құжаттама талаптарына сәйкес жеткiзiлуi тиiс.

Тауарларды берудiң талап етiлетiн мерзiмi тендерлiк құжаттамада көрсетiлген.

Тендерге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысымен бекiтiлген Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлетiн көлемiн көрсету бойынша дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу ережесiнiң 3-тарауында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарға сай келетiн барлық әлеуеттi өнiм берушiлер жiберiледi.

Тендерлiк өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi 2017 жылғы «20» ақпандағы 09 сағат 00 минутқа дейiн.

Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттер 2017 жылғы «20» ақпандағы 11 сағат 00 минутта төмендегі мекенжай бойынша ашылатын болады: Астана қаласы, Қошқарбаев даңғылы 66, конференц-зал.

Әлеуеттi өнiм берушiлерге тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде қатысуына болады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7(7172) 231586.