Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Check-Up Орталығы

«Емдегенше, алдын алған оңай» (халық даналығы) – осыны жасы ұлғайған шаққа дейін өмір сүруге, сонымен қатар жастық жігерлілікті, жарқын жүзділік пен жұмысқа қабілеттілікті  сақтап қалуға тырысатындарының әрбіреуі біледі. Ол үшін жақсы тұқымқуалаушылықтың болуы және салауатты өмір салтын ұстану жеткіліксіз, профилактикалық тексеруден жүйелі түрде өткен қажет. Осы мәселенің өте жақсы шешімі организмді кешенді тексерудің жеке бағдарламалары - Check-Up болып табылады.   

Check-Up басты мақсаты бастапқы сатыларда ауруларды анықтау мен алдын алу болып табылады.  

Ең жаңа ғылыми-техникалық әдістерге негізделген мақсатты алдын алу, адам организмі сияқты осындай ең күрделі жүйеде «осал жерлерді» анықтауға мүмкіндік береді. Ол аурудың клиникалық симптомдары білінбей жатып, ауруды алғашқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Ауру іште қатты білінбеуі мүмкін, бірақ біз оны дамымай тұрып бұрын анықтаймыз. Қысқа уақытта, қазіргі заманғы медициналық аппаратураның көмегімен, біз білікті дәрігер-мамандар талдап шығатын Сіздің денсаулығыңыздың жағдайы туралы кең және жан-жақты ақпарат аламыз. Ал уақытында тағайындалған ем толық жазылуына кенет мүмкіндікті жоғарылатады.  

Егер мұқият тексеруден кейін сіздің үрейіңізді жойсақ және «Сіз мүлде саусыз!» мүмкін диагноздарының ішінен жақсысын қойсақ біз өте қуанышты боламыз. 

Біз кешенді тексерудің келесі жеке бағдарламаларын ұсынамыз:

  • «Орталық нерв жүйесі» бағдарламасы
    Бағдарлама инсульттің дамуына және ми қанайналымының бұзылуына себеп болатын қауіп-қатер факторларын және болуы мүмкін себептерді анықтауына бағытталған.
  • «Перифериялық нерв жүйесі» бағдарламасы
    Перифериялық нерв жүйесі жағдайының және жүйе ауруларының қауіп-қатер факторларының диагностикасы.
  • «Кардиологиялық тексеру» бағдарламасы
    Жүрек аурулары дамуының қауіп-қатер факторларын анықтауына тексеру бағдарламасы: миокард инфаркты, қолқаның құрсақ бөлігінің аневризмасы, гипертониялық ауру және басқалар.
  • «Гепатологиялық тексеру» бағдарламасы
    Бауырдың түрлі ауруларының, соның ішінде – В және С вирусты гепатит, бауыр обыры, бауырды май басу, бауырдың тамырлы және метаболизмдік аурулар дамуының қауіп-қатер факторларын анықтауына тексеру бағдарламасы.
  • «Ер адамдарға арналған базалық тексеру» бағдарламасы
    Түрлі аурулар қауіп-қатерінің факторларын анықтау мақсатында ер адамдардың негізгі ағзаларын және жүйелерін толық тексеру.
  • «Әйелдерге арналған базалық тексеру» бағдарламасы
    Түрлі аурулар қауіп-қатерінің факторларын анықтау мақсатында әйелдердің негізгі ағзаларын және жүйелерін толық тексеру. 
  • «Ер адам денсаулығы» бағдарламасы
    Ер адамдарды заттектер алмасудың деңгейіне, ер адамдардың эндокриндік, репродукциялық жүйелерінің функцияларын диагностикалық тексеру. 
  • «Әйел денсаулығы» бағдарламасы
    Жоспарланатын жүктіліктің алдында репродукциялық жүйенің, гормондық статустың жағдайын сипаттайтын әйелдерді диагностикалық тексеру.

Біздің Check-Up Орталығындағы кешенді тексерудің артықшылықтары:

  • тексерудің барынша қысқа мерзімдері (таңдалған бағдарламаға байланысты 2 сағаттан бастап және одан да артығырақ);
  • бағдарлама жекеше дайындалады 
  • бағдарламаға тек Сіз үшін қажетті тексерулер енгізіледі. (Біз артық анализдер мен емшараларды тағайындамаймыз, егер олар Сізге тағайындалмаған болса немесе өткізілген болса) 
  • біздің бағаларымыз негізді және айқын
  • сіздің ыңғайлылығыңыз үшін тексерулерден өту уақытында Сізді медицина қызметкері алып жүретін болады

Check-up – бұл ең төмен қауіп-қатер және ертеңгі күніндегі мол сенімділік. Бұл уақыт пен қаражатты ең аз жұмсау және тексерудің барынша нақты нәтижелері! 

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 27 20 15 – Call орталығы

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК

Check-Up Орталығы, 1 қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді