Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

ШҰҒЫЛ ЖӘНЕ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІ

Бөлімше аурухананың 1925 жылы алғашқы ашылған күндерінен бастап жұмыс істейді. Осы бөлімшенің негізгі міндеттері пациенттерді қабылдау, диагностика және шұғыл емдеуге жатқызуға көрсеткіштерді анықтау, оны қажетсінетін пациенттерге шұғыл көмек көрсету, бейінді бөлімшелерге жатқызу болып табылады. Бөлімше құрылымын негізгі медициналық бейіндердің мамандары құрайды: жалпы тәжірибе дәрігерлері, хирургтар, урологтар және т.б. 2012 жылдың ақпанынан бастап бөлімше штатына тар көлемді мамандар – гинекологтар, оториноларингологтар, неврологтар енгізілген, ол пациенттерді қабылдау мен ауруларды диагностикалаудың процессін тездетуге, түрлі аурулар кезінде қарқынды көмекті кешенді көрсетуге мүмкіндік берді.  

Аурухананың жабдықталуы, мамандардың біліктілігі зертханалық анализдердің барлық спектрін жүргізуге мүкіндік береді (соның ішінде ПТР, ИФА). Енді қабылдау бөлімшенің деңгейінде көрсетімдер бар болған кезінде УДЗ, рентгенографияны, компьютерлі томографияны, ағзалардың ЯМРТ жүргізуге болады. 

Операциялық әрекет қажет болған кезінде бөлімше мамандарымен хирургиялық, урологиялық, гинекологиялық, ЛОР бейінінің эндовидеооперациялары орындалады.

Бөлімше қызметінің бағыттары:

  • Шұғыл тәртіпте түскен пациенттерді тәулік бойы қабылдау және тіркеу.  
  • Шұғыл науқастарды аурудың сипаты, ауырлығы мен бейіні бойынша медициналық іріктеуін жүргізу. 
  • Диагностикалық, зертханалық, аспаптық зерттеулердің, емдік шаралардың қажетті көлемінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекті уақытында көрсетуді жүргізу.  
  • Алдын-ала тексерудің нәтижелері бойынша диагнозды белгілегенге дейін диагностикалық палаталарда (жұқпалы ауруға күдік болғанда - оқшаулауышта)  жатқан пациенттерді бақылау.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық
  • жұмсақ тіндер мен аяқтың, дененің ашық және жабық зақымдары кезінде көмек көрсету 
  • сіреспенің иммунопрофилактикасы
  • күйік кезінде көмек көрсету 
  • емдеуге жатқызуына көрсеткіштер бар болғанда қаланың ургент клиникаларына жолдама.
  • рентгенологиялық тексеру
  • сынықтар мен буын шықпаларын орнына салу  
  • гипс немесе целлокаст иммобилизация
  • жарақатты алғашқы хирургиялық тазарту
  • соғып алу, созылулар, байлам аппаратының зақымдары, сызаттар кезінде көмек 
  • бөгде заттарды алып тастау.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК

Шұғыл және травматологиялық көмек көрсетуге арналған қабылдау бөлімшесі, 1-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді