Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

ЭНДОКРИНОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Эндокринология – эндокриндік жүйедегі бұзылыстармен байланысты ауруларды емдеумен айналысатын, медицинадағы ең жас және қарқынды дамушы салаларының бірі.   Эндокринология проблемалары іс жүзінде медицинаның барлық салаларын қозғайды және кардиологиямен, онкологиямен, офтальмологиямен, гастроэнтерологиямен, гинекологиямен тығыз байланысты.

№1 көпбейінді қалалық аурухананың эндокринология бөлімшесі науқастарға стационарлық және амбулаториялық-консультациялық медициналық көмекті қолданыстағы заңнамамен және нормативтік құжаттармен алдын ала ескерілген көлемде кепілдік берілген бағдарлама бойынша ұсынады. 

Бөлімше 35 төсек-орынға арналған. Эндокринология бөлімшесінің базасында тәулік бойы мамандандырылған шұғыл медициналық көмекті кәсіби дәрігер-эндокринологтар көрсетеді. Сондай-ақ бөлімше базасында «Қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі» әрдайым жұмыс істейді. Бөлімше қызметкерлері жыл сайын Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан, қайта даярлаудан өтеді. 

Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) ЖММК 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 920 бекітілген тізбеге сәйкес тегін көрсетіледі.

Бөлімше жұмысының негізгі принциптері:

  • дәлелді медицинаның принциптеріне сәйкес эндокриндік ауруларды диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы схемаларын пайдалану;
  • эндокриндік ауруларды дәл және уақытында анықтауға мүмкіндік беретін, диагностиканың зертханалық және аспаптық әдістерінің жаңасын тәжірибеде белсенді пайдалану (гормондар концентрациясын анықтаудың жоғары сезімтал әдістері, компьютерлік және магнит-резонанстық томография және т.б.).

№1 көпбейінді қалалық аурухананың эндокринология бөлімшесінде қолданылатын емнің жаңа түрлері:

  • жаңа қантты төмендететіндерді: джардинс, тражента, инсулиндер – туджео, трулисити, ал нейропатияның ауру түрін емдеу үшін – габапентинді қолдану;
  • диабетпен ауыратын науқастардың артериялық гипертензиясын нефропротективті әсері бар Диован (Ко-диован), Эксфорж дәрісімен емдеу;
  • биопсияны жүргізуге арналған пункциялық инемен УДЗ 7,5 МН детекторымен қалқанбезді УДЗ зерттеу; 
  • диабеттік полинейропатияның аурулық түрін емдеу үшін «Тебантин», «Габагамма» дәрілері енгізілген;
  • диабеттік полинейропатия кезінде «Тиогамма», «Мильгамма» дәрілері кеңінен қолданылады;
  • ұзақ уақыт әсер ететін қантты төмендететін дәрілерді қолдану; 
  • Метформин тобымен қисындасуында глибенкламид пен глимепиридтің микронизирленген түрлерін қолдану; 
  • Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған «Диабет мектебі».

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы емдеуге жатқызу сұрақтары бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультациялық-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Эндокринология бөлімшесі, 5-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді