Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ, РЕАНИМАЦИЯ, ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІ ЖӘНЕ ГИПЕРБАРИЯЛЫҚ ОКСИГЕНАЦИЯ

Гипербариялық оксигенация (ГБО) — бұл барокамераларда (бароаппараттарда) жоғары қысымда оттегімен емдеу. Аталмыш әдіс сүйенетін принцип танымал физиологиялық механизмдер бойынша тіндерде газдарды таратуды және сіңіруді реттейтін физика заңымен байланысты болып келеді.

ГБО-терапия мынадай патологияларда тиімді болып табылады:

  • Тамырлы патология: аяқ-қол тамырларының тарылу аурулары, қан айналымының бұзылуы нәтижесінде трофикалық жаралар, тамырлардың газды эмболиясы және басқалар.
  • Жүрек патологиясы: жүректің ишемиялық ауруының аритмиялық нұсқасы (ИБС), стенокардия, аритмия, экстрасистолия, жүрек жеткіліксіздігі, инфарктан кейінгі жағдайдың декомпенсациясы, жүрек гликозидтерінің улануы, өкпе-жүректік жеткіліксіздігі және басқалар.
  • Ішек-қарын жолы патологиясы: он екі елі ішектің және асқазанның ойық жаралы ауруы, асқазаннан қан ағудан кейінгі постгеморрагиялық синдром, ішек ауруы.
  • Бауыр патологиясы: асқынған гепатит, созылмалы гепатит, бауыр циррозы, бауыр жетіспеушілігі.
  • Орталық және жүйке жүйесі патологиясы: ишемиялық инсульт, бас сүйек миының жарақаты, энцефалопатия, ми жұлынының жарақаты.
  • Улану: көміртек тотығымен, метгемоглобин түзуші заттармен, цианидпен улану.
  • Көз патологиясы: көз торының қан айналымының бұзылуы, диабеттік ретинопатия, метил спритімен улану кезінде көз тамырының дистрофиясы.
  • Эндокриндік жүйе патологиясы: теңгерілмеген инсулинге тәуелді диабет, диабеттің асқынуы, диффуздық-уытты жемсау.
  • Жақсүйек-бет патологиясы: пародонтоз, шірік гингивит және стоматит, пластикалық операциядан кейінгі жазыла бастау.
  • Акушерлік патология: іштегі нәрестенің құрсақішілік гипоксиясы, түсік тастау қауіпі, іштегі нәрестенің гипотрофиясы, иммундық даулы жүктілік, ілеспе патология кезіндегі жүктілік, әйелдердегі эндокриндік патология, әртүрлі этиология бедеулігі.
  • Жаңа туған нәресте патологиясы: босану кезіндегі асфиксия, ми қан айналымының бұзылуы, жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы, ойық жаралы-шірік энтероколит.
  • Жара патологиясы: жара инфекциясының профилактикасы, баяу ұсақталған жаралар, күйікті жара беттері, үсу, пластикалық хирургияның операциядан кейінгі жаралары және басқалар.
  • Кессон ауруы, әуе және газды эмболия.
  • Простатит, әйелдердің кіші жамбас органдарының созылмалы қабынба аурулары.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесі және гипербариялық оксигенация, 2-ші қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны