Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ РЕНТГЕНОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Интервенциялық рентгенохирургияға арнайы аспаптарды қолдануымен сәулелік визуализациялаудың әдістерін бақылауға алып, тері арқылы жету әдісімен қантамырларға жасалатын, барлық аздау зақым келтіретін хирургиялық операциялар жатады.    

Бүгінгі күнде эндоваскулярлық әрекеттер пациенттердің көпшілігі үшін классикалық операциялық емге балама, ал кейбіреулер үшін —  көптеген бағыттар бойынша емдеудің бірден - бір әдісі болады. Сонымен бірге іс жүзінде толық зақымды әрекеттерсіз жынтығындағы жоғары нәтижелілік, наркоздың қажеттігінің жоқтығы және ауруханада аз жату уақыты ем ретінде осы бағытты таңдаудың негізгі себептерінің бірі болып табылады. 

Көрсетімдерге байланысты керекті аумаққа немесе ағзаға диагностикалық ангиография жүргізіледі. Патология бар болғанда мұнан былай емдеу тәсілі туралы мәселе шешіледі. Барлық диагностикалық және көптеген операциялық әрекеттер аумақтық анестезияда, теріні кішкене тесу арқылы жасалады. 

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК  интервенциялық рентгенохирургия бөлімшесінің жұмысы, эндоваскулярлық әрекеттердің барлық спектрін орындауға мүмкіндік беретін рентгенохирургиялық операция бөлмесінің жасақталған жоғары технологиялы және заманауи жабдықтардың арқасында жоғары дәрежеде жөнге келтірілген. Операция бөлмесі Siemens заманауи ангиографиялық кешенімен жабдықталған. Барлық эндоваскулярлық әрекеттер жетекші дүниежүзілік өндірісшілердің аспаптарын қолдануымен жасалады. Бөлімшелердің орасан зор әлеуеті, қызметкерлердің кәсіпқойлығы және оны тұрақты жетілдіру ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Рентгенэндоваскулярлық хирургияда қолданылатын жоғары технологиялы және көп функционалды жабдықтардың арқасында, тамырлар патологиясының диагнозын дәл анықтауға және мұнан былай дұрыс емдеумен қамтамасыз ету мүмкіндігі туындады.  

Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі. Бұдан басқа, елорда тұрғындарына қызметтер қатары Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қалалық тапсырысы шеңберінде ұсынылыуы мүмкін. Пациенттердің қалауынша мамандандырылған медициналық көмек/ЖММК ақылы негізде де көрсетілуі мүмкін.

Бөлімшенің қызметтер тізбесі:

  1. Рентгенохирургиялық диагностика:

    • Ми-тамырлар ангиографиясы;
    • Коронароангиография;
    • Қол-аяқ ангиографиясы;
    • Бүйрек тамырларының ангиографиясы;
    • Бауыр тамырларының ангиографиясы;
    • Оның тармақтарының аортографиясы мен ангиографиясы;
    • Кіші жамбас тамырларының ангиографиясы;
    • Каваграфия;
    • Бүйрек флебографиясы;
    • Қол-аяқ флебографиясы;
    • Ұрықтық венаның флебографиясы;
    • Жамбас флебографиясы;
    • Венесекциямен қол-аяқ флебографиясы;
  2. Рентгенохирургиялық операциялар/әрекеттер:

    • Коронарлық және шеткі тамырлардың баллоноангиопластикасы;
    • Бас пен мойын тамырларының бітелуін эндоваскулярлық алып тастау;
    • Бас пен мойын тамырларын эндоваскулярлық стентирлеу;
    • Бас пен мойын тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы немесе бітелуі (ми тамырларының аневризмасы, артерия-веналық мальформация кезінде);
    • Құрсақ қолқасына эндоваскулярлық имплантат;
    • Бүйрек, ішқұрылыстық артерияларды, қол-аяқ тамырларын  эндоваскулярлық стентирлеу;  
    • Шеткі тамырларды стентирлеумен ангиопластика;
    • Бүйрек артерияларының денервациясы;
    • Механикалық тромбоэкстракция;
    • Ұзақ инфузиялық емдеуге арналған катетерлеу;
    • Жамбас ағзалары, жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы (жатыр миомасы, еркекбез аденомасы, варикоцеле кезінде);
    • Венаішілік кава-сүзгіні имплантациялау және алып тастау;

Төмендегі аурулар кезінде бөлімшеде жасалатын негізгі операциялық әрекеттер тізбесі:

  • Күретамырдың, ми, омыртқа артерияларының тарылуы;
  • Ми тамырларының аневризмасы мен АВМ; 
  • Ишемиялық инсульт (ми қанайналымының жіті бұзылысы);
  • Қолқаның құрсақ бөлігінің аневризмасы;
  • Күретамыр аневризмасы;
  • Қол-аяқ артерияларының аневризмасы;
  • Бүйрек артериясының аневризмасы;
  • Мықын артериясының аневризмасы;
  • Жүректің ишемиялық ауруы; 
  • Резистентті артериялық гипертония;
  • Күретамыр гломусының, мұрын-жұтқыншақтың қатерсіз ісігі; 
  • Жүре пайда болған артерия-веналық жыланкөз;
  • Қол-аяқ артерияларының, басқа да артериялардың атеросклерозы;
  • ТЭЛА синдромы;
  • Диабеттік табан синдромы;
  • Сілемейқабықасты, интрамуральдық, субсирозды жатыр миомасы;
  • Еркекбездің қатерсіз гиперплазиясы (ЕҚГ);
  • Ұма көктамырларының білеуленіп кеңеюі;
  • Аяқтың беткейлік тамырларының флебиті мен тромбофлебиті;
  • Өкпеден, мұрыннан қан кету.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Интервенциялық рентгенохирургия бөлімшесі, 1-ші қабат, 6 блок.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны