Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ 

Жүрек – бұл кез келген стрестік жағдайды өте сергек сезінетін, біздің организміміздің негізгі ағзасы. Қазіргі заманғы қалада өмір сүру өзі өзімен стресс болып табылады. Жүріс -тұрысы аз өмір, дұрыс тамақтанбау, жаман экологиялық жағдай – осының барлығы жүрек жұмысына кері әсерін тигізеді.

Егер Сіз төмен аталған симптомдардың біреуін өзіңізде байқасаңыз, кардиологқа қаралуыңызды ұсынамыз:

  • сол қол мен жауырынға берілетін, төс арты ауыруы
  • кеуденің сол бөлігінде ауырлықты сезу
  • жүректің шалыс соғуы
  • жүректің жиі қағуы (пульс минутына 90 соққыдан аса)
  • сирек пульс (минутына 60 соққыдан кем)
  • артериялық қысымның 140/90 мм сынап бағанасынан артық көтерілуі 
  • денеге ауырлық түскенде ентігу
  • жазықтық тұрыста пайда болатын ентігу мен жөтел.

№1 көпбейінді қалалық ауруханасының кардиология бөлімшесі 40 орынға және кардиоҚТП (қарқынды терапия палатасы) 7 орынға арналған. Жоғары білікті дәрігер қызметкерлері мен қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталуы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуге мүмкіндік береді.

Бөлімше қызметтерді ТМККК, МӘМС шеңберінде, сондай-ақ шаруашылық есеп  негізде көрсетеді. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 920 ЖММК бекітілген тізбесіне сәйкес тегін көрсетіледі.

БӨЛІМШЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ: 

  • қанайналым жүйесінің ауруларын анықтау және емдеу
  • кардиохирургиялық операциялардан кейін пациенттерді оңалту 
  • әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын тексеру

Кардиология бөлімшесінде емдеуге жататын негізгі патологиялар: 

  • артериялық гипертензия
  • жүректің ишемиялық ауруы (созылмалы ағым)
  • ырғақтың бұзылуы
  • алғашқы және салдарлық генездің кардиомиопатиясы
  • миокардиттер
  • аортокоронарлық ұштастырудан кейінгі жағдай, жүректің туа біткен және кейбір жүре пайда болған кемістіктерін түзету
  • ревматизмдік аурудан басқа, қанайналым жүйесінің түрлі патологиясының нәтижесінде созылмалы жүрек кемістігі.

Бөлімше рентгенхирургия және функциялық диагностика бөлімшелерімен қызметтесе шағын инвазиялық интервенциялық диагностикалық әрекеттерді орындайды:

  • аортография;
  • стрессЭхоКГ.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

       +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

+7 7172 40 37 05 – Кардиология бөлімшесі 

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Кардиология бөлімшесі, 3 қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді