Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЗЕРТХАНАСЫ

Емдік-профилактикалық мекемелердің жанындағы микробиологиялық зертханалар жұқпалы аурудың диагнозын қою және анықтау үшін қажетті анализдерді орындайды, өзіне тән емді дұрыс таңдауға және науқасты ауруханадан шығару мерзімдерін анықтауға мүмкіндік береді.  

№1 қалалық аурухананың микробиологиялық зерттеулер зертханасы заманауи  зертханалық жабдықтармен (автоклавтармен, термостаттармен, кептіргіш шкафтармен, микроскоптармен, центрифугалармен, ламинарлық шкафтармен), қоректік орталармен, реагенттермен, СО2CELL170 инкубаторымен, Mediaprep сериясының Systec қоректік орталар автоклавымен, MEDIAJET аппаратымен (Петри тостақшаларын қоректік орталармен толтыруға арналған аппарат) және WalkAway 40 автоматты бактериологиялық анализаторымен жабдықталған.

Зертхана жұмысының негізгі бағыттары:

  • патогенді және шартты-патогенді микрофлораға аурухана бөлімшелерінде және емханада пациенттерден алынған түрлі биоматериалды бактериологиялық зерттеу; 
  • бөлімшелер бойынша және түрлі биоматериалдар бойынша микробты пейзаж мониторингін жүргізу; 
  • бөлінген микрофлораның бактерияға қарсы дәрілерге сезгіштігінің мониторингі.

Микробиологиялық зерттеулердің спектрі:

  • іріңді-қабынбалы аурулар диагностикасы және бактерияға қарсы дәрілерге сезгіштікті анықтау (қанды зарарсыздыққа және қан өсініне, зәрді бактериурияға, мұрын, көз, құлақ, жара, жоғарғы тыныс жолдарының, әйел жыныстық ағзаларының, простатит сөлінің, пунктаттардың, экссудаттардың, өттің, ұрық айналасындағы сулардың, емшек сүтінің, аутопсиялық материалдың бөлінушілігі);  
  • ішек инфекцияларының диагностикасы (шигеллаларға, сальмонеллаларға, патогенді эшерехияларға, шартты-патогенді энтеробактерияларға, иерсинииға, стафилококкқа, кампобактерияларға, тырысқақ вибрионға, Кандида түрінің саңырауқұлағына, ішек дисбактериозына);
  • респираторлық инфекциялардың диагностикасы (дифтерияға, менингококтық инфекцияға);
  • серологиялық әдіс (РПГА және РА) ішек, респираторлық және табиғатты жұқпа ошағының диагностикасы (сүзек-паразитті инфекциялар, сальмонеллездер, шигеллалар, псевдотуберкулез, ішек иерсиниозы, бөртпесүзек, дифтерия, туляремия, бруцелез);
  • санитарлық-бартериологиялық зерттеулер (беткей шайындылары, ауа, зарарсызданған материал, сұйық зарасызданған дәріханалық түрлері,  стерилизаторларды бақылау, дезинфектерлерге сезгіштікті бақылау).

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Микробиологиялық зерттеулер зертханасы, 1-ші қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны