Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Оториноларинголо́гия — құлақ, мұрын, тамақ, сонымен қатар бас және мойын патологиясын емдеу және диагноз қоюға бағытталған медицинаның саласы және медициналық мамандық болып табылады. Бұл мамандық бойынша қызмет жасайтын дәрігерлер оториноларингологтар немесе қысқартылған түрде ЛОР-дәрігерлер деп аталады.

№1 қалалық аурухананың оториноларинголог мамандары құлақ, тамақ және мұрын қуысы аурулары кезінде отоларингологиялық операциялардың барлық түрін және соған қатысты барлық алдын алу шараларын жүзеге асырады. Операциялық әрекеттер үздік заманауи технология әдістерін пайдалану арқылы, инвазиялық араласуды барынша азайта отырып жоғары кәсіби дәрежеде жасалады.

Орталықта шағын және жоспарлы операция бөлмелері бар. Шағын операция бөлмесі ЛОР ағзаларына кіші операцияларды, сонымен қатар сандық тасымалдаушыларға кейін жазып алуымен эндоскопиялық зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Ал жоспарлы операция бөлмесі құлақ, тамақ және мұрын аурулары бар емделушілерге инвазиялық араласу барынша азайтылған операцияларды жасау үшін эндобейнеаппаратурамен жабдықталған. Сонымен қатар естуді жақсартатын және эндоларингеалды операцияларды орындауға, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған микрохирургиялық аспаптар мен операциялық микроскоптар бар.

Оториноларингология орталығы базасында академик Райс Кажкенович Тулебаев басқаратын және бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін жетекші профессорлары бар «Нұр-Сұлтан медицина университеті» АҚ ЛОР-аурулары кафедрасы орналасқан.

Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі. Жоғары мамандандырылған арнайы медициналық көмек (ЖММК) 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 920 бекітілген тізімге сәйкес тегін көрсетіледі.

№1 қалалық аурухананың оториноларингология бөлімшесі қызметтерінің негізгі спектрі:

  1. Есту қабілетін жақсартатын операциялар (тимпанопластика 1,2,3,4 түрлері, стапедопластика, ортаңғы және ішкі құлақ имплантаттарын орнату).
  2. Мұрнымен дем алуды қалпына келтіру бойынша операциялар (мұрын далдасының шырышасты резекциясы, септопластика, конхотомияның барлық түрлері).
  3. Мұрынның қосалқы қуысының хирургиясы (FESS – мұрынның қосалқы қуысының функциялық эндоскопиялық хирургиясы).  
  4. ЛОР ағзаларының қатерсіз ісіктері (кисталар, мұрынның қосалқы қуысының полиптері, мұрын-жұтқыншақтың қатерсіз ісіктері, фибромалар, көмей кисталары, остеомалар).    
  5. Көмей хирургиясы (көмейдің тыртықты тарылуы, дыбыс байламдарының парез/сал аурулары кезіндегі операциялар).
  6. Сыртқы мұрын мен құлақтың косметикалық және реконструкциялық операциялары.
  7. Қорылды хирургиялық емдеу (увалопластика, увалопалатопластика). 

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Оториноларингология орталығы, 4 қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны