Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

НЕВРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Неврология бөлімшесі нерв жүйесінің түрлі ауруларын, ми мен жұлын, сондай-ақ шеткі нерв жүйесі қызметінің бұзылысын диагностикалаумен және емдеумен айналысады.

Неврология бөлімшесінің негізгі міндеті аурухана жағдайларында неврологиялық бейінінің пациенттеріне жоғары білікті көмек көрсету болып табылады.

ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК неврология бөлімшесі 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Бөлімше 40 жатын орынға есептелген. Бөлімше жұмысы тәулік бойы жоспарлы және шұғыл тәртіпте, сондай-ақ ақылы негізде және сақтандыру полисі бойынша жүргізіледі. Бөлімше дәрігерлері неврология саласындағы заманауи технологияларды пайдалану үшін қажетті мамандандырылған дайындықтан өткен тәжірибелі мамандар болып табылады.

№1 қалалық аурухананың неврология бөлімшесі қызметінің негізгі бағыттары:

  • Орталық және перифериялық нерв жүйесінің жіті және созылмалы аурулармен ауыратын науқастарды тексеру, емдеу мен оңалту.
  • Ми-тамырлық аурулар, соның ішінде ми инфарктінің, бассүйекішілік жарақаттық емес және жарақаттық қан құйылуының зардаптары.
  • Нерв жүйесінің қабынбалы ауруларының зардаптары.
  • Экстрапирамидалық және басқа қозғалыстық бұзылыстар, соның ішінде Паркинсон ауруы мен екінші реттегі паркинсонизм.
  • Дегенерациялық-дистрофиялық аурулар, соның ішінде омыртқа бағанасының аурулары кезіндегі жіті және созымалы ауырсыну синдромдары (остеохондроз және оның асқынулары).
  • Жеке нервтердің, нервтік түбіршектер мен өрімдердің, соның ішінде жарақаттан кейінгі зақымданулар.
  • Вегетативтік нерв жүйесінің бұзылыстары, сондай-ақ ми мен жұлынның басқа да зақымданулары.
  • Операциялық әрекеттерден кейін қалпына келтіру емі.

Қысқа мерзімде төмендегілерді қоса кешенді тексеру жүргізіледі:

  • Қанды, зәрді, ликворды клиникалық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеу.
  • Компьютерлік томография.
  • Мидың, омыртқа бағанасының магнит-резонанстық томографиясы.
  • Мойын, қол-аяқ тамырларын дуплексті зерттеу.
  • Рентгенологиялық зерттеу.
  • Электроэнцефалография.
  • Электронейромиография.
  • Мамандар консультациялары.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Неврология бөлімшесі, 4-ші қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны