Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"

ҚАН – ТАМЫРЛАР ХИРУРГИЯСЫ БӨЛІМШЕСІ 

Қан - тамырлар хирургиясы – бұл болашақ медицинасы, ол тамыр аурулары: тромбоздардан, тромбофлебиттерден, нәрленістік ойықжаралардан, қол ампутациясынан, жіті бүйрек жеткіліксіздігінен, инсульттен, тамыр жарылуынан сияқты қатты зардаптардан құтқаруы мүмікін.

Егер аяқтарыңызға салмақтың түсуі, олардың ісінуі, бас ауруы, құлақтағы шуыл, есінің жоғалуы, аяқта тамырлы жүлдызшалар немесе тері түсінің өзгеруі байқалған жағдайда қан -тамыр хирургына баруға болады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-ғы қан-тамырлар хирургиясы бөлімшесінің міндетіне қолқа доғасының, ішперде қолқасының тармақтарына, оның ішқұрылыстық тармақтарына, сондай-ақ магистральды артериялар мен қол-аяқтарының веналарына операциялар мен эндоваскулярлық манипуляциялардың барлық спектрі кіреді.

Қолқаға, оның тармақтары мен перифериялық артерияларға жасалатын операциялық әрекеттер ашық әдіспен де, минималды-инвазиялық та жасалады, ол пациенттердің қалпына келу кезеңін тек қысқартып және жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге төменгі қол-аяқтарының магистральды тамырларына операцияларды жасаған кезінде жақсы косметикалық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Көрсеткіштер болған жағдайда, варикоз ауруын емдеудің дәстүрлі әдістерімен тең, бізбен емдік және эстетикалық құндылығы бар сақтап қалатын хирургияның әдістері қолданылады.

Бөлімшенің жетекші мамандары Ресей, Түркия, Үнді және Қытай клиникаларында машықтанудан өткен.

Бөлімше қызметтерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетеді.

БӨЛІМШЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Қолқа мен магистральды артериялардың аурулары:

  • қолқаның әртүрлі сегменттерін (төмен түскен кеуделік, супра,- интра және инфраренальды), брахиоцефальды артерияны, ішқұрылыстық және бүйрек артерияларын, жамбас пен төменгі қол-аяқ  артерияларын зақымдауымен атеросклероз;
  • бейспецификалы қолқа-артерииті;    
  • облитерациялағыш тромбангиит;
  • фибро-мускулярлы дисплазия;
  • әртүрлі орналасқан аневризмалар (көтеріліп келе жатқан бөлік пен көкірек қолқасындағы доғаның бассүйекішілігінен басқа); 
  • артерия-веналық жыланкөздер; 
  • кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлар: тамырлардың, тромбоздар мен эмболияның жарақаттануы.

Вена аурулары:

  • варикоз ауруы, соның ішінде – асқынған түрлері; 
  • посттромботиялық ауру (посттромбофлебитиялық синдром);

Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлар (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін):

  • ішперде қолқасы мен перифериялық артерияның асқынған аневризмалары, тамырлардың, тромбоздар мен эмболияның жарақаттануы.

Диагностикалық бөлімше түрлі анатомиялық аймақтарда қанағым жағдайын бағалауын өткізуге, зерттелетін тамырды, оның қабырғаларын, атеросклеротиялық түйіндіктің болуын, тромботикалық салмақты визуализациялауға, үстіңгі және терең көктамырлардың қақпақшалы аппарат күйін бағалауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы аспаптармен және жабдықтармен жабдықталған.

Диагностикалық зерттеулер:

  • ультрадыбыстық допплерография (триплексті сканерлеу);
  • мультиспиральды компъютерлік томоангиография (МСКТА);
  • магнитті-резонансты ангиография (МРА); 
  • рентгеноконтрастылы қолқа-ангиографиясы, коронарография;
  • флебография.

Қан - тамырлар хирургиясы бөлімшесінде жасалатын реконструктивтік және паллиативті операциялар:

  • каротидтік эндартерэктомия; 
  • қолқа доғасының тармақтарына реконструктивтік операциялар; 
  • қолқа коарктациясын пластикамен бірге резекциялау;
  • қолқа ішпердесінің аневризмасын протездеумен бірге резекциялау; 
  • перифериялық артериялардың аневризмаларын резекциялау; 
  • қолқа-сандықты ұштастыру: бір жақты (ҚСҰ), бифуркациялық (ҚСБҰ);
  • мықын-сандықты ұштастыру (МСҰ); 
  • сандық-тізеастын ұштастыру (СТҰ);
  • сандық-тибиальді ұштастыру (СТҰ) және жіліншік артериялардың деңгейінде басқа да шара қолдану; 
  • сандық артериялардан эндартерэктомия, профундопластика; 
  • қолқа ішпердесінің жұпты және жұпты емес ішқұрылыстық тармақтарына операциялар (бүйрек артериялары, құрсақтық діңгек, жоғарғы шажырқайлы және төменгі шажырқайлы артериялар);
  • васкулогенді генездің эректильді дисфункциясын түзету;
  • қайталанған реконструкциялар (ұштасымдардан тромбэктомиялар, ұштасымдарды ауыстыру, аневризмаларды резекциялау, анастомоздарды реконструкциялау); 
  • экстраанатомиялық ұштастыру;
  • скаленотомия, «кеудеден шығу» синдромы кезінде қосымша мойынды немесе I-ші қабырғаны резекциялау;
  • Рейно феномені, артериалды арнаның дистальді зақымдануы кезінде дәстүрлі жоғарғы кеуде мен бел симпатэктомиясы;
  • Рейно феномені, артериалды арнаның дистальді зақымдануы кезінде эндоскопиялық кеуде мен бел симпатэктомиясы;
  • ампутациялар және экзартикуляциялар;
  • артерио-веналық жыланкөздің қалыптасуы, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде тамырлы ұштасымды имплантациялау (СБЖ).

Вена ауруларының хирургиясы:

  • дәстүрлі флебэктомия;
  • мининвазиялы операциялар: минифлебэктомия, діңгекті склерооблитерация, диодты лазермен эндовенозды аблация; 
  • посттромбофлебитиялық синдром кезіндегі операциялар (ПТФС): қақпақшалы қауқарсыздықты  экстравазальді түзету; вальвулопластика; Коккет, Линтон бойынша қауқарсыздықты  перфорантты веналардың бөлектеуі; қауқарсыз перфорантты веналардың эндоскопиялық субфасциальді диссекциясы (SEPS); 
  • жоғарғы қуыс венасының синдромы кезінде дренаждаушы аурикуло-жармалық ұштасымдарды бастыру;
  • сол жақ бүйректің веналық гипертензиясы себепші болған салдарлық варикоцелені түзету (екі бағытталған тестикуло-илиакальді анастомоздардың біреуін қалыптастыру).

Интервенциялық рентгенохирургия бөлімшесінде жасалатын рентгеноэндоваскулярлы операциялар

  • брахиоцефальды артериялардың ангиопластикасы мен стентирлеу; 
  • перифериялық артериялардың ангиопластикасы мен стентирлеу; 
  • қолқа ішпердесіндегі жұпсыз ішқұрылыстық тармақтары (құрсақтық діңгек, жоғарғы шажырқайлы артерия) мен бүйрек артерияларының ангиопластикасы және стентирлеу; 
  • кеуде мен ішперде қолқасының аневризмасы кезінде стент-графтты имплантациялау;
  • кава-сүзгіні имплантациялау;
  • гиперплазия кезінде бүйрекүстінің эндоваскулярлы құрылымсыздануы;   
  • артерио-веналық жыланкөздерді,  гемангиомаларды эмболизациялау; 
  • ішқұрылысты эмболизациялау.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Қан-тамырлар хирургиясы бөлімшесі (1-ші блок, 3-ші қабат).

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны