Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Колопроктология және хирургиялық инфекция орталығы

Астана қаласының №1 көпбейінді қалалық аурухананың колопроктология және хирургиялық инфекция бөлімшесі заманауи емдік-диагностикалық жабдықпен жасақталған, 35 төсек-орынға арналған. 

Аурухана бөлімшесінің құрылымы пациенттерге қарай ыңғайластырылған және емханалардағы кезекті күтпей-ақ, іріңді-некротикалық, колопроктологиялық ауруларды, илео-, колостомаларды, ішек жыланкөздерін және тағы да басқа ауруларды диагностикалау мен емдеу  мүмкіндігін туғызады. Біздің пациенттеріміз өздеріне қолайлы уақытты таңдай алады, тәулікбойғы емделу не күндізгі стационарлық бөлімде емделу. 

Бөлімшенің жоғары білікті дәрігерлері күрделіліктің түрлі деңгейінде  хирургиялық әрекеттерді орындайды және ауруханадан шығарғаннан кейін де толық жазылғанға дейін пациенттерге жетекшілік етеді.

Орталығы келесі ауруларды емдеумен айналысады:

  • жуанішектің туа біткен патологиясын (долихоколон, мегаколон);
  • тікішек пен аноректальдік аумақтың ауруларын (созылмалы және жіті парапроктит, созылмалы анус сызаты, ректоцеле, ректоқынаптық жыланкөздер, анустық қысқыштың жеткіліксіздігі, тікішектің түсіп кетуі, пилонидальдік жылауық және басқалар);
  • ішектің қабынбалы ауруларын (Крон, НЯК ауруы);
  • асқынулармен жуанішек пен тікішектің қатерлі ісіктерін;
  • жуанішек пен тікішектің қатерсіз ауруларын;
  • түрлі этиологиялы ішек жыланкөздері;
  • гастростомаларды, илеостомаларды, колостомаларды;
  • өңештің тыртықты тарылуын;   
  • диабеттік табан синдромын;
  • гангренамен аяқталған аяқ тамырларының атеросклерозын;
  • тері мен тері шелмайының іріңді-қабынбалы ауруларын (соның ішінде жіті мастит, іріңді лимфаденит);
  • термикалық күйіктерді, басынан кешірген күйіктердің зардаптарын;
  • үсіктерді;
  • стомдалған науқастарды реконструктивті оперативті емдеу;
  • деабеттік анготерапия кезінде зақымдалған тамырды реканализациялау.

Орталығы операцияның келесі түрлерін жүргізеді:

  • проктологиялық операциялардың барлық түрлерін, соның ішінде созылмалы геморрой мен анус сызаттарының, аноректальдік жыланкөздер мен абсцесстердің себебімен түбегейлі операцияларды;
  • бұтара мен жамбас түбінің түрлі аурулары кезінде операцияларды (ректоцеле, ректоқынаптық жыланкөздер, анустық қысқыштың жеткіліксіздігі, тікішектің түсіп кетуі);
  • жуанішек операцияларының барлық түрлерін, соның ішінде жуанішектің туа біткен патологияларының себебімен тоқішекті лапароскопиялық резекциялауын  (долихоколон, мегаколон), 
  • НЯК, Крон ауруының, тұқымда бар жайылған полипоздың себебімен колпроктэктомияны; 
  • стомасы бар пациенттерге реконструктивті-пластикалық операцияларды;
  • өңеш пластикасы бойынша операцияларды;
  • жуанішек пен тікішек обырының асқынулары кезінде операциялық әрекеттерді (түйнеліс, қан кету);  
  • тері мен тері шелмайының іріңді-некроздық ауруларын, соның ішінде диабеттік табан синдромын емдеуін; 
  • диабеттік табан синдромының нәтижесінде гангренаның, аяқ артериялары атеросклерозының, үсіктің  себебімен түрлі деңгейлерде қол-аяқ ампутациясын; 
  • термикалық күйіктермен, күйік зардаптарымен науқастарға аутодермопластиканы салуын жүргізеді

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы емдеуге жатқызу сұрақтары бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультациялық-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Колопроктология және хирургиялық инфекция орталығы, 5-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді