Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

КОМБУСТИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ 

Комбустиология немесе күйік медицинасы – ауыр күйік зақымдарын және олармен байланысты патологиялық жағдайларды, әсіресе күйіктік шокты, сондай-ақ осындай жағдайлар мен олардың зардаптарын емдеудің әдістерін зерттейтін медицинаның біршама жас саласы.   

Астана қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасының комбустиология бөлімшесі жоғары жайлылықты 2 орынды палаталарда орналастырылған, 10 төсек-орынға арналған. Таңу бөлмесі көлемді күйік бетімен пациенттерді сулауға арналған жабдықпен жабдықталған. Қарқынды терапияның екі палатасы арнайы күйікке қарсы төсекпен жабдықталған, онда инфекциядан қорғаныш (деконтаминация жүйесі) және қылтамырға байланысты қысымды азайтуға арналған «құрғақ сұйықтықты» реттейтін флюидизация қарастырылған.

Бөлімшеде шұғыл және жоспарлы тәртіпте күйікті және оның асқынуларын емдеу бойынша Астана қаласының ересек тұрғындарына және басқа өңір тұрғындарына мамандандырылған тәуліктік көмек көрсетіледі. Науқастарды бөлімшеде емдеу Ресей мен Қазақстанның ірі күйік орталықтарында мамандандырудан өткен дәрігерлермен жүзеге асырылады. Науқастарды қабылдау комбустиолог дәрігерлерімен травматологиялық пункт пен шұғыл қабылдау бөлімшесінде жүзеге асырылады.  

Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі.

Негізгі патология:

  • термиялық және химиялық күйіктер, олардың зардаптары (бетінің, мойнының, дененің, қол-аяқтың тыртықты деформациялары);
  • әр түрлі орналасқан электрлік жарақат, электрлік күйік және олардың зардаптары;
  • күйіктен кейінгі контрактуралар мен келоидты тыртықтар кезінде   реконструктивті-қалпына келтіру операциялары.

Хирургиялық әрекеттер спектріне:

  • біркезеңдік немесе мерзімі ұзартылған алло- және аутодермопластикамен ерте некрэктомия;
  • экспандерлі жамау салу;
  • қабақтың тыртықты айналуларын жамау; 
  • микростоманы кетіру;
  • күйіктен кейінгі тыртықты деформацияларды кетіру бойынша жамау салудың әр алуан түрлері;
  • буындардың күйіктен кейінгі тыртықты контрактураларын кетіру бойынша жамау салудың әр алуан түрлері;  
  • дене мен қол-аяқтың күйіктен кейінгі тыртықты деформацияларын кетіру бойынша жіті дерматензияның әдісімен жамау салу енеді. 

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

+7 7172 27 20 04 – Комбустиология бөлімшесі

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Комбустиология бөлімшесі, 4-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді