Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ПУНКТ 

«№1 қалалық аурухананың» травматологиялық пункті – бұл   Сізге жарақат кезінде қажетті шұғыл білікті көмекті көрсете алатын, аурухананың дербес құрылымдық медициналық бөлімшесі. Ол тірек-қимыл аппаратының, жұмсақ тіндердің, тері жамылғыларының түрлі зақымдары, соның ішінде – жарақаттар, сынықтар, буын шықпалары, созылулар, хайуандардың тістеуі, күйіктер болуы мүмкін.

Травматологиялық пункт дәрігерлерінің біліктілігі мен тәжірибесі Астана қаласының ересек тұрғындарына шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 

Сүйектердің, буындар мен байлам аппаратының зақымдарын емдеген кезінде уақытпен сыналған кәдімгі гипс таңғыштары, сондай-ақ полимер материалынан жасалған бұйымдар пайдаланылады. Ол тері үшін қауіпсіз (аллергиялық реакцияларды болдырмайды) және суда деформацияланбайды. Осындай материалдан таңғыш жұқарақ және кәдімгі гипс таңғышынан біршама аздау тартады. Осының барлығы ванна қабылдауға, киім киюге мүмкіндік береді және сіздің сауығу кезеңін тым жайлы жасай алады. 

Травматологиялық пункттің негізгі міндеттері:

  • жұмсақ тіндер мен аяқтың, дененің ашық және жабық зақымдары кезінде көмек көрсету 
  • сіреспенің иммунопрофилактикасы
  • күйік кезінде көмек көрсету 
  • емдеуге жатқызуына көрсеткіштер бар болғанда қаланың ургент клиникаларына жолдама.

Травматологиялық пункт қызметтерінің кешеніне төмендегілер кіреді:

  • рентгенологиялық тексеру
  • сынықтар мен буын шықпаларын орнына салу  
  • гипс немесе целлокаст иммобилизация
  • жарақатты алғашқы хирургиялық тазарту
  • соғып алу, созылулар, байлам аппаратының зақымдары, сызаттар кезінде көмек 
  • бөгде заттарды алып тастау.

Егер Сіз жарақаттансаңыз – уақыт өткізбей келіңіз!

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК

Травматологиялық пункт, 1-ші қабат.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны