Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

УРОАНДРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ 

Уроандрология – зәр шығару ағзаларының урологиялық ауруларын (зәрағардың, зәрлік қуығының, зәр шығару каналының), бүйректің хирургиялық ауруларын (ісіктер, ауытқулар, жарақаттар және т.б.), ер адамның жыныстық жүйесінің аурулары мен әйелдердің зәр шығару жолдарының ауруларын зерттейтін медицина бөлімі.  

Урологиялық аурулардың әдеттегі симптомдары түрлі орындардағы және әлдегі аурулар, бүйрек шаншуы, кенет зәр жүрмей қалуы немесе жиі кіші дәретке отырғысы келуі, зәрдегі қан немесе іріннің болуы болып табылады. Зәр шығару жолдарындағы қабыну процесстері дене қызуының жоғарылауымен, қызбамен, жалпы көңіл-күйінің нашарлауымен қоса болуы мүмкін. 

Егер Сіз өзіңізде осы белгілердің біреуін байқасаңыз, дәрігер-урологқа қаралыңыз.  Неғұрлым тезірек Сіз пайда болған проблеманы анықтасаңыз, соғұрлым Сіз өзіңіздің денсаулығыңыз үшін минималды зардаптарымен тезірек жоя аласыз.  

№1 көпбейінді қалалық аурухананың урология бөлімшесінде жақын және алыс шетел клиникаларында әрдайым өзінің біліктілік деңгейін жоғарылататын нағыз кәсіпқойлар еңбек етеді. Бөлімше жетекші өндірушілер Еуропаның, АҚШ-ның, Жапонияның заманауи медициналық жабдығымен жабдықталған. Жоғары кәсіпқойлық пен қазіргі заманға сай жабдықталуы №1 көпбейінді қалалық аурухананың урология бөлімшесінің дәрігерлеріне несептік-жыныстық жүйесін емдеудің жоғары мамандандырылған әдістерін, лапароскопиялық және эндоскопиялық операциялардың барлық түрлерін жасауға мүмкіндік береді.   

Бөлімше қызметтерді ТМККК, МӘМС шеңберінде, сондай-ақ шаруашылық есеп негізде көрсетеді. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК), ЖММК  бекітілген тізбесіне сәйкес тегін көрсетіледі. 

Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары:

  • зәртасты ауру (бүйректің, зәрлік қуықтың, зәрағардың)
  • еркекбез аденомасы
  • несептік-жыныстық жүйесінің қабынбалы ауруы
  • бітеліс (ЛМС, зәрағардың)
  • нефроптоз
  • зәрлік қуығының бүйірқалтасы
  • несептік-жыныстық жүйесінің жарақаттық зақымы 

Бөлімше келесі қызметтерді көрсетеді:

  • бүйрек стентін сылып алып тастаумен  цистоскопия
  • зәр қуығына дәрі тамызу
  • әйелдердің несебі тоқтамаған кезіндегі слинг-операция
  • дәстүрлі эпицистостомия
  • троакарлы эпицистостомия
  • неоуретероцистостомия
  • зәрлік қуығының резекциясы
  • бүйрек резекциясы
  • перкутанды нефростомия
  • паранефритті жару
  • цистолитотомия
  • уретеролитотомия
  • пиелолитотомия   
  • қуық-іншек жыланкөз пластикасы 
  • еркекбездің трансуретральді резекциясы
  • бір мезеттік қуық арқылы аденомэктомия
  • литоэкстракциямен эндоскопиялық уретеролитотрипсия 
  • бүйректі декапсуляциялау және дренаждау
  • бүйрек жылауығының перкутанды игниопунктурасы
  • бүйрек жылауығын оперативті кесіп алып тастау 
  • бүйрек жылауығын лапароскопиялық кесіп алып тастау
  • лапароскопиялық нефропексия
  • дәстүрлі нефропексия
  • перкутанды нефролитотомия
  • дәстүрлі нефролитотомия
  • лапароскопиялық нефрэктомия
  • дәстүрлі нефрэктомия
  • түбекше-зәрағарлық сегментінің пластикасы 
  • зәрағарды реконструкциялау операциялары
  • зәрлік қуықты реконструкциялау операциялары

№1 көпбейінді қалалық аурухананың уроандрология бөлімшесінің негізгі  стратегиялық принциптері:

  • пациентке бейімделу
  • академиялық
  • халықаралық сапа стандарттары
  • сабақтастық пен кешенділік
  • әлеуметтік жауапкершілік

№1 көпбейінді қалалық аурухананың уроандрология бөлімшесі қызметінің негізгі бағыттары:

  • консультациялар өткізу және ер адамның жыныстық проблемаларын шешу;
  • генитоуринарлы реконструкция бойынша Еуропалық хирургтар қоғамының стандарттарымен күрделіліктің түрлі дәрежесіндегі операцияларды орындау;
  • басқа медициналық орталықтарда алдында жасалған операциялық емнің асқынуларын емдеу.

Бөлімше интимдік хирургияның келесі қызметтерін көрсетеді:

  • микрохирургиялық варикоцелэктомия
  • сүндетке отырғызу (циркумцизия)
  • жыныстық мүшенің жүгеншігі мен шеткі тәнінің пластикасы 
  • үрпі тарылысын емдеу 
  • жыныстық мүшені түзету
  • олеогранулеманы хирургиялық емдеу 
  • жыныстық мүшені үлкейту
  • анабезді протездеу
  • ер адамдық зарарсыздандыру
  • гипоспадияны емдеу
  • эректильді дисфункцияны емдеу
  • жылдамдатылған ұрық шашуды хирургиялық емдеу
  • операцияға дейінгі (кешенді) тексеру

Осы ақпарат өз жыныстық денсаулығымен қызығатын, андрология мен генитальды хирургияның қыр-сырын жақсы білігісі келетін, көптеген сұрақтарға жауап тапқысы келетін ер адамдарға көмек беретініне сенеміз.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

       +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

+7 7172 27 20 50 – Уроандрология бөлімшесі 

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Уроандрология бөлімшесі, 3-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді