Байланыс

+ 7 (7172) 23 16 01
+ 7 (7172) 23 15 96

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 666

Динара
Менің баламда (25 жас) фиброз сақинасының жарылуымен парамедиан жарығын анықтаған. Операция жасауды ұсынады. Порталға тұрдық. Сіздің ауруханаңызда осындай операцияны жасайды ма? Сіз не ұсыныс бере аласыз?
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Динара!

Сізге омыртқаның ЭМРТ немесе КТ нәтижелерімен консультацияға келу керек. Осыдан кейін операция жасау мәселесі шешілетін болады.


Айнура
Сәлеметсіз бе. Менің анамның күретамырларында тромбтар бар, тексеруден қалай және қайда өтуге болатынын білейін дегем, әлде Астанаға келу қажет пе? Көмектесіңізші өтінемін, оның қысымы біресе жоғарылайды, біресе төмендейді. Рақмет.
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Айнура!

Біздің клиникамыздың (Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК) жағдайларында Сіздің анаңызға стационарлық тексеру мен емді жүргізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін, Сізге күн сайын жоспарлы-консультациялық бөлімшеде сағат 14:00-ден бастап сағат 16:00-ге дейін жүргізілетін, дәрігер-ангиохирургтың (қан-тамырлар хирургы) көзбе-көз консультациясына келу керек. Қажет болған жағдайда, Сізге ақылы негізде орындалатын жұмсақ тіндерді ультрадыбыстық зерттеу, ультрадыбыстық допплерография, компьютерлік томография сияқты зерттеулердің аспаптық әдістерін жүргізуіне жолдама берілетін болады.


Амир
Сәлеметсіз бе! Сізде Емдеуге жатқызу бюросы арқылы жоспарлы тәртіпте ойықжаралы колит, қайталанған ауруы бойынша тексеруден және емдеуден өтуге мүмкін бе?
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Амир!

Біздің ауруханада емдеудің осы түрі орындалады. Сізге емді ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде алуға болады. Ол үшін Сізге тұратын жер бойынша емханаға бару қажет, Сіздің емдеуші дәрігеріңіз стационарлық ем үшін медициналық көрсеткіштерді есепке алып, емдеуге жатқызу бюросының порталында төсек бейінін, алдын ала емдеуге жатқызу күнін көрсетіп Сізді тіркейді. Біздің ауруханамыздың мамандары жоспарланатын емдеуге жатқызу күндерін жазады. Кейін емдеуші дәрігермен жоспарлы емдеуге жатқызуына жолдама мен талон беріледі.


Маржан
Сәлеметсіз бе. 2005 жылы қалқаншабезін сылып тастаған. Операция қайырылма нервіні екіжақты зақымдаумен түйіндескен болды. 2011 жылы сіздің емханаңызда «Оң жақтан дауыстық іркістің латеропексиясы» операциясы жасалған. Қазір жағдайым нашарлады, дауыс шымылдығының саңылауы 2мм. Осы жағдайда не істеуге болады?
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Маржан!

Осы жағдайда сіздің көмейіңізді біздің клиникамыздың жағдайларында қарау қажет. Қажет болса операциялық әрекет пен демдік функцияны қалпына келтіруін жүргіземіз. Күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 8.00-ден бастап 16.00-ге дейін оториноларингология орталығында қабылдаймыз.


 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны