Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Андрей
Сәлеметсіз бе! Мені жүре пайда болған жарақаттан кейін (мұрын сынығы) мұрын далдасын түзеу емшарасы қызықтырып жүр. Суретті сіздің ауруханаңызда жасаттым, сынық ауытқусыз, ал далда оң жаққа қарай ауытқып кетті. Емшара құны, оңалту мерзімі қандай? Не орындау қажет?
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Андрей!

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!

Ол үшін Сізге тұратын жер бойынша емханаға барып, жолдаманы алып, жоспарлы тәртіпте оториноларингология бөлімшесінде операция жасатуыңызға болады. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде операция тегін жасалатын болады. Барлық тексерулерді стационарда өтіңіз.


Жанара
Сіздерде инсульттен кейін оңалту қанша тұрады?
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Жанара!

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!

Өздігінен ақылы негізде жүгінген кезінде, медициналық оңалту қызметтері ақылы қызметтерге бекітілген баға көрсеткішіне сәйкес төленеді. Әр пациент үшін сома көрсетілетін медициналық оңалту қызметтерінің түріне және жағдайының ауырлығына, сондай-ақ жеке таңдалған оңалту бағдарламасына байланысты болады.

Егер пациент емдеуге жатқызу порталы арқылы стационарлық емге жіберілсе, онда медициналық оңалту қызметтері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін болады.


Мадина
Сәлеметсіз бе, Алексей Владимирович! Мен Қарағанды қаласында тұрамын. 28 жастамын, менің сол жақ бүйрегімде маржан тәрізді тас бар. КТ қорытындысынан тостақшалардың төменгі тобында, тостақшалардың төменгі тобын орындайтын тас анықталған. Көлемдері 1,9*1,4*1,7 см.(1517HU). Содан арылғым келеді, өйткені ол үнемі өзі туралы белгі береді – шаншулар, бел ауыруы және т.б. Менің дәрігер-урологым А.А. Петричко сіздің клиникаңызды ұсынған. Тастан арылу түрлерінің бірі - Перкутанды нефролитотомия бар екенін сол кісіден білдім. Осы ұсақтау әдісімен сіздің клиникаңыз айналысады. Сіздерге келу үшін не қажет екенін айтуыңызды өтінемін? Жазылу керек пе, осы операция түріне кезек бар ма және біріншіден не істеу қажет?
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Мадина!

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!

Біздің клиникамызда осы операция түрі жасалынады, ол үшін Сізге портал бойынша кейінгі емдеуге жатқызумен тұрғылықты мекенжай бойынша жоспарлы тексеруден өту қажет.


Александр
Сәлеметсіз бе! Менің атым Александр, 2014 жылдың 2 маусымында менде ұстама болған. Қол мен аяқ әлсіз болып, бірақ есімді толық жоғалтқан жоқпын. Кейінірек маған айтқандай, менде миға оттегінің жетіспеуі. Симптомдар осы күнге дейін жалғасуда. Сіздің клиникаңызда консультацияны алуға және тексеруден өтуге қалай болады. Егер мен мекендеу қағазымен Ресей азаматы болсам көрсетілетін қызмет құны қандай? Павлодар қаласында тұрамын, 39 жастамын. Алдын ала рақмет!
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Александр!

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!

Клиникамыздың (Астана қаласының ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК) жағдайларында стационарлық емді жүргізу мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау үшін Сізге неврология бөлімшесінің жоғары санатты дәрігері Л.Ф. Антипованың көзбе-көз консультациясына келу керек.


 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны