Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Ермек
Мен Ақтау қаласынан боламын. Менде екінші, үшінші дәрежедегі екіжақты саңыраулық. Операция жасатқым келеді, ол үшін не қажет? Лор дәрігері Сіздерге бірінші қалалық ауруханаға жіберді
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Ермек!

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!

Біздің Оториноларингология орталығында құлақ, тамақ пен мұрын аурулары кезінде отоларингологиялық операциялар мен манипуляциялардың барлық спектрін көрсетеді. Операциялық әрекеттер жоғары технологиялы әдістерді, шағын инвазиялық техниканы пайдалануымен жоғары кәсіби деңгейде орындалады.

Сізге біздің клиникамызда операция жасатуыңызға болады. Ол үшін, Сізге ЛОР дәрігердің көзбе-көз консультациясынан өту қажет.


Анатолий
Сәлеметсіз бе құрметті Алексей Владимирович. Менің атым Анатолий, 23 жастамын, менде бала жасынан патология бар. Барлық жергілікті ауруханаларда болдым, біреулер оны бел аумағындағы гемонгиома деп айтады, басқалары оны тамырлы мальформация дейді, сырт пішініне қарағанда бұл иланғыш көлемді ісік. Бұрын ол мазаламаған, бірақ қазір оның көлемі үлкее бастады және дененің сол аумағы кей уақытта сұмдық ауырады, мені барлық жерде емдеуден бас тартады. Мүмкін Сіз маған көмек бере аласыз?
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Анатолий!

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!

Біздің клиникамыздың жағдайларында (Астана қаласының ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК) стационарлық емді жүргізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін Сізге дәрігер-ангиохирургтың (қан-тамырлар хирургының) көзбе-көз консультациясына жолығу керек, ол күн сайын жоспарлы-консультациялық бөлімшеде, сағат 14.00-ден бастап 16.00-ге дейін жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, Сізге ақылы негізде жасалатын жұмсақ тіндерді ультрадыбыстық зерттеу, ультрадыбыстық допплерография, компьютерлі томография сияқты аспаптық зерттеу әдістерін жүргізуіне жолдама берілетін болады. Егер Сіз елдің басқа өңірінде тұрсаңыз және белгілі себептермен көзбе-көз консультациясына келуге мүмкіндігіңіз болмай қалса, Сізге төменде көрсетілген e-mail өзіңізде бар зерттеулер мен қорытындылардың нәтижелерін, сондай-ақ оларға цифрлық суретті тіркеп (тік және бүйір кескін) жіберуіңізге болады.

(Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК қан-тамырлар хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі - Айтжанов Едиль Бакишевич, PhD, e-mail: a_idylle@mail.ru)

Сізге өз қызметтерімізді көрсетуге қуанышты боламыз.


Юлия
Сәлеметсіз бе, менің анам 6-шы жыл болды инсульттен кейін оңалмай жатыр. МҚЖБ-2008ж, оң жақты гемипарез. Ол Степногорск қаласынан болады. Ол жақта оның емдеуші дәрігері Сіздің ауруханаңызға барсын деп айтқан. Сізде консультациядан қалай өтуге болатынын айтуыңызды өтінемін, ол үшін не қажет. Рақмет. Жауабыңызды күтем.
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, құрметті Юлия!

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз! 

Біздің ауруханада ақылы консультациялық-диагностикалық бөлімше бар, онда қала тұрғындарын да, басқа қаланың тұрғындарын да қабылдайды. Сіздің жағдайыңызда неврологтың консультациясына барып, тексеруден өту керек (қабылдауды жоғары санаттағы дәрігерлер, МҒК жүргізеді). Сіздің анаңызды емдеу үшін ақылы негізде де, сондай-ақ емдеуге жатқызу бюросы арқылы ТМККК шеңберінде де неврология бөлімшесіне жатқызуға болады.


Гуля
Кеш жарық! Біздің әкеміз 85 жаста, ол кісіде тікішек ұстай алмауы, қалайша адамның өмірін жеңілдетуге мүмкін, не істеуге болады? Сіздің кез келген жауабыңызға алдын ала рақметімді айтамын!
№1 Қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, құрметті Гуля! 

Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз! 

Егер Сіз Астана қаласында болсаңыз, Сіздің әкеңізге  емдік шаралар кешенін және одан арғы әрекеттерді белгілеу мақсатында қаралу үшін  біздің клиникаға келу қажет.


 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны