Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Наталья
Саламатсыз ба, Алексей Владимирович. Мен 10 жылдан бері БД (бронх демекпесі) ауырамын. Маған портал арқылы кәсіби емделуден өтуге мүмкіндік бар ма? Алдын ала рахмет!
№1 Қалалық аурухана

Саламатсыз ба, Құрметті Наталья!

Бас дәрігердің блогына жүгінгеніңіз үшін алғысымды білдіремін. 

Сіз ауруханаға жатқызу порталы арқылы тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша емхананың жолдамасы негізінде біздің стационардың кез-келген бөлімшесінде емделуден өте аласыз.


Евгений
Күн қайырлы болсын, құрметті Алексей Владимирович! Сіз басқарып отырған клиниканың медициналық қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Мен тамырлы хирургия бөлімшесінде емделуден өттім. Бұл бөлімшеде тамаша, ұқыпты және қайырымды қызметкерлер!!!!! Жағымды сөздер адамның сауығуына септігін тигізеді деген сөз бар ғой, менің ойымша, дәрігерлердің, медбикелердің және санитаркалардың шебер адамдар ғана емес, сонымен қатар ақжүрек адамдар!!!! Барлығына берген емдері, көмегі және қолдаулары үшін алғысымды білдіремін! Сізге және барлық клиника қызметкерлеріне зор денсаулық және бар игі жақсылықтарды тілеймін!!!!
№1 Қалалық аурухана

Саламатсыз ба, құрметті Евгений!

Бас дәрігердің блогына жүгінгеніңіз үшін және пікіріңіз үшін алғысымды білдіремін. №1 Қалалық аурухана мамандары әрдайын сапалы медициналық көмек көрсетуге дайын. Өйткені біздің ұранымыз – «Ең жақсысы  – Сізге!». Сізге мықты денсаулық тілеймін!


Айман
Саламатсыз ба, Алексей Владимирович! Сіздердің ауруханаларыңызда гемаррагиялық инсульттан кейін тексеруден және емделуден өтуге бола ма? Менің анам 2 ай бұрын ГИ шалдықты. Енді алдағы уақытта қайтадан қайталанбауы үшін Сіздердің ауруханаларыңыздан қандай да бір емделуден өткіміз келеді. Қандай дәрігерлерге жолығуға болатындығын және қандай анализдерді тапсыру керектігін айтасыз ба? Сақтану мақсатында ақылы негізде аурухана жату мүмкінді бар? Рахмет.
№1 Қалалық аурухана

Саламатсыз ба, құрметті Айман! 

Бас дәрігердің блогына жүгінгеніңіз үшін алғысымды білдіремін. 

Сізге тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша емханаға «Д» есебіне тұру қажет. Липидтік алмасу деңгейін, қандағы холестерин, қандағы қант мөлшерін қатаң қадағалау қажет. Біздің стационарда ақылы негізде және ауруханаға жатқызу порталы арқылы емхананың жолдамасы негізінде ем қабылдауға болады.


Валерия
Саламатсыз ба! Бірнеше күн бұрын Сіздің ауруханаңыз, яғни аурухананың Инсульт орталығы туралы бейнематериалды көрдім. Жолдасым екінші топтағы мүгедек (протезделген митральды клапаны тұр), ол 2012 жылы сәуірде ишемиялық тип бойынша инсультке шалдықты. Сіздердің Орталықтарыңызға квота бойынша қаралу мүмкіндігі бар ма? Өзіміз тұрақты Алматы қаласында тұрамыз. Жауабыңыз үшін алдын ала алғысымды білдіремін. Құрметпен, Ахмедова Валерия.
№1 Қалалық аурухана

Саламатсыз ба, Құрметті Валерия Ахмедова! 

Бас дәрігердің блогына жүгінгеніңіз үшін алғысымды білдіремін. 

Ауруханаға жатқызу порталы арқылы емхана неврологының жолдамасы бойынша біздің Орталыққа келе аласыз.


 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Бас дәрігері

[бөлімге өту]
№1 Қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Астана - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Астаны