-- Сұрақ-Жауап Сұрақ-Жауап

 

Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
Венера
Сәлеметсіз бе! Мен 47 жастамын. Қарағанды қаласында тұрамын. Маған «жатырдың түйінді фибромиомасы, түйін центрипиталь бойымен 96*84 мм, алдыңғы қабырға бойынша, сол жақ анабез жылауығы (фаликулярлық), оң жақ кіші жамбаста сұйықтық» диагнозын қойды. Сіздің ауруханаңызға эмобилизацияға түсуге бола ма? Егер болса, ол үшін не керек? Квота бар ма? Құны? Алдын ала рақмет!
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Венера!

Біздің ауруханамызда операциялық әрекеттің осындай түрі жасалады. Сізге емді ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде алуға болады. Ол үшін Сізге тұратын жер бойынша емханаға бару қажет, Сіздің емдеуші дәрігеріңіз стационарлық ем үшін медициналық көрсетімдерді есепке алып, емдеуге жатқызудың алдын ала күнін көрсетіп, емдеуге жатқызу бюросының порталында төсек бейінін көрсетіп Сізді тіркейді. Біздің аурухананың мамандары жоспарланып отырған емдеуге жатқызу күндерін қояды. Кейін, емдеуші дәрігермен жолдама мен жоспарлы емдеуге жатқызу талоны беріледі.


Аяна
Сәлеметсіз бе! Менің қайын енемде құрсақтық қолқаның аневризмасын анықтады, оған операция жасау қажет деп айтты. Бірақ ол жуықта инфаркт болып ауыруына байланысты, қазір кардиология бөлімшесінде жатыр. Ол 62 жаста, Қырғызстан азаматшасы, бізге қолқа аневризмасы бойынша операция жасау үшін сіздің клиникаңызға келуге болады ма? Қандай құжаттар болу керек? Алдын ала үлкен рақмет.
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Аяна!

Біздің клиникамыздың қан-тамырлар хирургиясы және интервенциялық рентгенохирургия бөлімшесінің базасында құрсақтық қолқаға, соның ішінде оның аневризмалары кезінде дәстүрлі жолмен, сондай-ақ жаңа технологияларды – стент-графт имплантациясын қолдануымен хирургиялық әрекеттердің барлық түрлері жасалады. Емдеудің осы немесе басқа жолын таңдау туралы шешімді қабылдау үшін құрсақтақ қолқаның УЗДГ, абдоминальдік бөліктің МСКТА деректері, қанның зертханалық анализдерінің нәтижелері, қажет болған жағдайда – жүрек ЭхоКГ, кардиолог пен басқа мамандардың қорытындысы қажет (ілеспелі аурулар бар болған кезінде).

Астананың және Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің халқына жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 920 ЖММК бекітітлген тізбесіне сәйкес тегін көрсетіледі.

Сіздің анаңыз басқа мемлекеттің (Қырғызстан Республикасы) резиденті болуына байланысты, бейінді бөлімшеге жоспарлы емдеуге жатқызу, ауруды диагностикалау және хирургиялық әрекет, интервенциялық емшараларды қоса алғанда оған шарттық (ақылы) негізде ұсынылуы мүмкін. Қызметтер құны – ақылы қызметтер менеджменті бөлімінің құзыреті.

Жуықта миокард инфаркты болып ауыруын және қазіргі уақытта кардиологиялық бөлімшеде жүргізілетін медициналық оңалтуды ескеріп, Сіздің анаңызда құрсақтық қолқаның аневризмасын емдеу туралы сұрақтың уақытша мерзімін узарту керек деп санаймын.


Гульмира
Сәлеметсіз бе. Сіздің кеңесіңізді сұраймын. Анам 54 жаста. Диагнозы бауыр циррозы, В гепатиті. Жақында Ақтау қаласының гепатолог дәрігерінде тексеруден өткенбіз. Нәтижелері жақсы болмады. Бауырда ісікті құрылымның көрінуі. Бауыр фиброзы. Қақпалық көктамыр тромбозы. Өзін нашар сезінеді, қатты арықтады. Порталға тұрдық, кезек өте көп. Квотаға үміттенбейміз. Осы диагнозды емдеп жазуға бола ма? Мүмкіндік бар ма? Өйткені Ақтау қаласындағы дәрігер мүмкіндік бермейді. Сіздің түсініктеріңізді көріп, Астанаға емделуге барғым келеді. Тезірек жауап беретініңізге сенемін.
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Гульмира!

Сізге барлық көрсетілген аспаптық тексерудің деректерін, сондай-ақ ауру тарихынан көшірмені ұсынуымен трансплантологтың көзбе-көз кеңесі қажет. Сізге диагнозды анықтау және емдеу жолын оңтайландыру мақсатында, біздің ауруханамыздың трансплантология және гепатобилиарлық хирургия бөлімшесіне ТМККК шеңберінде емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы тегін емдеуге жатуыңызға болады.


Жамиля
Қайырлы күн! Менің анама ұршық буын коксартрозы диагнозын қойды және оң жақтан сол жаққа қарағанда бұзылыстар көбірек. Ол СҚО-нан болады. Астана қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының травматологына бардық (операция жасатуын ұсынды), ол 55 жаста. Бірақ онда қанша күту керек екендігі белгісіз, ұзақ дейді, себебі суреттерге қарағанда және травматолог айтқандай оң жақ аяғы қысқарып бара жатыр. Осындай сұрақ: сіздің ауруханаңызда осындай операцияны жасатуға болады ма? квота бойынша немесе ақылы негізде ме? егер квота бойынша ресімдеу жүйесі қандай екен? ал егер ақылы болса осы операция имплантаттармен қанша тұрады? осы операциядан кейін қанша жату керек? жауабыңызға алдын ала рақмет.
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Сәлеметсіз бе, Жамиля!

Иә, біз буындарды эндопротездеу бойынша осындай операцияларды жасаймыз. Бастапқыда сізге ұршық буын рентгенограммаларымен және КТ ортопед-травматологқа консультациялық тексеруге келу қажет. Егер операция жасатуына көрсетімдер болса сіз эндопротездеуге кезекке тұрасыз. Кезек орташа 1-2 айға созылады. Біз сізге тексеруді бастау қажеттілігі туралы телефонмен хабарлаймыз (барлығы тексерудің консультациялық парағында көрсетілетін болады). Операция мен имплант тегін, тек қабылдау ғана төленеді. Емдеуге жатқызуға жолдама СҚО тұрғылықты мекенжайы

бойынша емханада (немесе сіз ауылдық жерден болсаңыз аудандық аурухана) емдеуге жатқызу бюросы арқылы жүзеге асырылады.

Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында (Қошқарбаев даңғылы, 66) дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 16.00-ден бастап травматолог-ортопедтердің консультациялық қабылдауы жүргізіледі (политравма және қалпына келтіру ортохирургия бөлімшесінің меңгерушілері, политравма және қалпына келтіру ортохирургия орталығының жетекшісі, бас дәрігердің орынбасары, профессор қабылдайды). Қабылдауға 8 7172 23 15 96 телефоны бойынша жазылуға болады, қабылдау ақылы (4000-5000 теңге). Толық ақпарат қабылдау кезінде ұсынылатын болады. Өзіңізбен бірге барлық құжаттар мен тексеру нәтижелері болу керек.


Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді