Дүйсенбіден жұма аралығында сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін эндокринолог дәрігердің тексеруінен өте аласыз.
Өкінішке орай, операциясыз құтылу мүмкін емес. Өт қабына тас байлану сырқаты тек хирургиялық жолмен ғана емделінеді.
Мұндай операция біздің ауруханада жасалынады. Сізге тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша емханаға қаралу қажет және портал арқылы жолдамамен бізге келуіңіз қажет. Немесе екінші нұсқасы, Сіз шарт негізінде біздің ауруханамыздың базасынан тлық тексеруден өтуіңізге болады, құн сомасына операцияда енеді. Операцияны өткізу құны 135 000 теңге.
Біздің ауруханамызға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Сізді қызықтырып отырған қалқанша безіне операция жасау Жалпы хирургия бөлімшесінде жасалады. Біздің аурухананың мамандары әлемнің жетекші клиникаларынді үнемі өз біліктіліктерін арттырып отыратын жоғары санатты кәсіпқор болып табылады. Біз Сізге өз қызметімізді көрсетуге дайынбыз.