Сәлеметсіз бе Медина!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!
Домелинизацияланған ауруымен емделушілер біздің стационарда емделеді, бірақ амбулаториялық кезеңде диагноз қойылады, бізге портал бойынша емдеуге жатқызылады.
Сәлеметсіз бе, Абылай!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!
Біздің клиникамызда дистанциялық литотрипсия жасалады. Бұл соққы-толқындық әдіс, ол кезде литотриптермен жасалатын, соққы толқынның әсер етуінен несептік тас ұсақталады. Әдеттегідей операция наркоздың көмегімен жасалады. Операция әдісін таңдау туралы шешім қабылдау үшін Сіздің жағдайыңызда урологтың көзбе-көз кеңесі мақсатты. Ол күн сайын біздің клиникамызда сағат 14:00-ден бастап 16:00-ге дейін жүргізіледі (анықтама орнына жүгіну).
Сәлеметсіз бе құрметті Марат!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге және пікіріңізге рақметімізді айтамыз. №1 қалалық аурухананың мамандары әрдайым сапалы медициналық көмек көрсетуге дайын. Өйткені біздің ұранымыз – «Ең жақсысы - Сізге». Сізге зор денсаулық тілейміз.
Сәлеметсіз бе, Яна!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!
Мүмкін Сіздің әкеңізде реканализацияланған артериялардың немесе имплантация жасалған ұштасымның (протездің) тромбозы дамып, ол аяқ басының гангренасына себепші болды. Қайтадан операция (интервенциялық емшараны) жасау келешексіз болған жағдайларда, аяқты отау көрсетілген, оның деңгейін маман – қан-тамырлар хирургы белгілейді. Әдеттегідей, тіршілік ете алмайтын аяқты отау туралы мәселені кейінге қалдыруға болмайды және ең қысқа уақыт ішінде шешілуі тиісті. Өкінішке орай, осындай науқастарды тасымалдау олардың жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін.