Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Астана қ. әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасында (Қошқарбаев даңғ. 66) коронавирустық инфекция бойынша семинар өтті. Спикер сапаны бақылау бөлімі бастығы, жоғарғы санатты дәрігер- инфекционист Ким Стелла Дмитриевна

2020 жылдың 5 ақпанында сағат 12:00-де Астана қ. әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасында (Қошқарбаев даңғ. 66) коронавирустық инфекция бойынша семинар өтті. Спикер сапаны бақылау бөлімі бастығы, жоғарғы санатты дәрігер- инфекционист Ким Стелла Дмитриевна. 

Коронавирустар – бұл жануарлардың арасында да, адамдардың арасында да тарайтын вирустың улкен түрі. Коронавирус ең алғаш 2002 ж. шықты.  Жаңа штамм 2019 жылдың коронавирусы деп аталады (СоV 2019)  – бұл алғаш Қытай, Ухан аймағында табылған респираторлық аурулардың өршуіне себеп болып табылатын вирус. Бұған дейін коронавируспен ауру Таяу Шығыс және Оңтүстік Кореяда жиі көрінетін (MERS- таяушығыстық респираторлық синдром). Қазіргі таңда аурудың барлық көрінісіне  SARS (ауыр жіті респираторлық синдром) деген баға берілді. 

2019 – nCoV таралуы: 

-Берілудің аэрозолды механизмі;

-Байланыс механизмі (аурухана қызметкерлерінің ауырған жағдайын тіркеу фактісі);

- фекалды-оралдық механизм арқылы таралу жоққа шығарылмайды.  

Аурудың берілуіне жұқтырған адаммен тығыз және ұзақ байланыста болу жеткілікті, мысалы қол алысып амандасу немесе адам түшкірген кезде. Жұқтырғандардың басым көпшілігі ауруханада пайда болған, өйткені жұқтырушымен оның достары, таныстары, туыстары, дәрігерлер және бөтен адамдар  бірге болған. 

 Вирустың өзі адам организмінен алшақта ұзақ бола алмайды және көп болса бірнеше күннен кейін өледі. Ол тіпті қарапайым зарарсыздандарғаш заттармен де жойылады. 

Ғалымдардың пікірі бойынша, өлімге апаратын вирус тасымалдаушысы жабайы табиғатта жарқанаттарды жиі аулайтын таспалы крайт және жылан-кобрасы болып табылады. Бұл жыландар Ухан базарында сатылған. 

Инкубациялық кезең - 2-14 күн.

Аурудың симптомы және белгілері:

- аурудың жіті басталуы;

- дене қызуының көтерілуі;

- жалпы әлсіздік;

- бұлшықеттің және сүйектің сырқырауы; 

- бас ауруы;

- мұрынның толуы және тұмау;

- жұтыну кезінде тамақтың ауруы; 

- түшкіру;

- жөтел;

- 28% - демігу, ауыр тыныс алу – кеуде қуысының рентгенограммасында екі өкпеде де пневманиялық инфильтративтік инвазивті шама көрінеді.  

- барлық жастағы тұлғалар ауырады (ересектер>балалар, көбінесе 15 жастан асқандар);

- пациенттердің 10-20% -ы ЖП және ӨЖЖ қажет етеді. 

ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІН УАҚЫТЫЛЫ АНЫҚТАУ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ. Әр дәрігер терапевттың, жалпы тәжірбиедегі дәрігердің жүрек соғысын өлшегіш құралы болуы керек. 

Алдын алу шаралары: 

1. nCoV инфекциясына күдіктенген жағдайда медициналық маска қолдану; 

2. Жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды бірреттік қағаз майлықпен немесе шынтақпен бүгіп жабыңыз;

3. Жөтеліп, түшкіргеннен кейін, әр дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішкенше қолды жақсылап сабынмен жуу керек;

4. «Қол гигиенасы» стандартын қатаң орындау.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді