Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Дәстүрлі денсаулық фестивалі аясында жақында Астанадағы №1 қалалық ауруханада «Денсаулығым керемет – жаттығуға көп рахмет!» атты шара ұйымдастырылды.

Аталмыш емдеу мекемесінің дәрігерлері қала тұрғындарын белсенділікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырған болатын. Осындай алдын ала жүргізілген жұмыстың нәтижесінде шараға 200-ге жуық адам жиналды. Олар бүгінгі таңда пайдалы әрі заман талабына сай жаңа спорттық жаттығуларды орындап, бойларын шынықтырумен бірге бір сәт көңіл-күйлерін де көтеруге мүмкіндік алды.

Аурухананың тамырлы хирургия бөлімінің дәрігері Ермек Нығмет мұндай шаралардың тек науқастарға ғана емес, медицина қызметкерлер үшін де пайдалы екенін ескере отырып, алдағы уақытта осындай фестивальдерді жиі өткізіп тұруға тырысатындықтарын жасырмады.

Шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру ережелерін білу үшін тренингтер, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ тұрғындар денсаулықты жақсарту, тамақтану мәдениеті туралы тегін кеңес алды.

Фестивальдің екінші кезеңінде көпшілік назарына «Салауатты өмір салты» атты көрме ұсынылды. Бұл жерде «Цесна Астық» концерні Астана қаласының гигена және тамақтану орталығы, «денсаулық» журналы мен «BioFoоd» денсаулыққа пайдалы тағамдар дүкенінің өкілдері жиналғандарға дұрыс тамақтанудың жолдарын әңгімеледі.

 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді