Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Елордалық ауруханада жаңа күйікке қарсы аппарат орнатылған

Жаңа күйікке қарсы кешен кең көлемді күйік алған пациенттердің өлім-жітімі мен мүгедектік пайызын едәуір төмендетуге көмектеседі. Аппарат емделген науқастардың өмір сапасын жоғарылатуға көмектесетін болады. 

Бүгін Астана қаласының Көпбейінді қалалық ауруханасында жаңа күйікке қарсы кешенді таныстыру болып өтті.  Күйік жарақатымен пациенттерді емдеу үшін жалғыз мамандандырылған бөлімше осы қалалық ауруханасында ғана бар.  Демеуші «EurasianResourcesGroup» компаниясы болып келеді.   

Көрсетілген демеушілік көмек үшін №1 көпбейінді қалалық аурухана директоры Марат Карсыбекович Абдуов алғысын айтты. 

- «Осы ауруханаға еліміздің барлық өңірлерінен пациенттерді әкеледі. Дәрігерлер көлемді күйік жарақаттарымен, дене бетінің 50% артық зақымдануымен шұғыл жеткізілген науқастардың өмірін сақтап қалады. Бір жыл ішінде бөлімшеде 50 аса осындай пациент емнен өтеді. Мұнда оларды жоғары білікті мамандар емдейді. Жаңа жабдық дәрігерлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді және науқастардың тез қалпына келуіне көмектеседі деп сенеміз», - дейді аурухана директоры.

Күйікке қарсы кешенге ауа-сұйықтандыру төсегі, ультрадыбыстық диссектор және аргонокүшейтілген коагулятор кіреді. Күйікке қарсы кереует кешеннің маңызды құраушыларының бірі. Оның жұмысы көтеріп келе жатқан ауа ағынының әсерінен жалған сұйықтыққа, сұйықтандыру күйіне айналатын сусымалы материалдың (шыны кішкене шарлары) қасиетіне негізделген.             Бұл зардап шеккен аймақтардың жұмсақ тіндерінің қысылуын азайтады, ауырсынуды азайтады және көлемді күйіктері бар пациенттерде жазылу процесін жылдамдатады. Кереует айналасындағы кеңістік залалсыздандырылады және арнайы ауа ағынымен кептіріледі. Кереует электрлік көтергішпен жабдықталған, ол  дәрігерлерге пациентті қоларбадан кереуетке және қайта көтеру кезінде пациентті теңетуге мүмкіндік береді.

«Дәрігерлер бізге көмекке жүгінген кезде, Еуразиялық топ әлеуметтік жауапты компания ретінде шетте қалмады және мәселені шешуге қосылды, - дейді «Еуразиялық Топ» ЖШС өкілі  Данияр Равшанович Рахматуллаев.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді