Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--


Астана қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасында 2020 жылдың 2 қазанында қызметкерлерді «Халықаралық қарттар күнімен» құттықтады

2020 жылдың 2 қазанында сағат 12.00-де, конференц – залда Халықаралы қарттар күніне орай салтанатты іс-шара өтті. 

Қазақстанда жыл сайын 1 қазан Халықаралық қарттар күні даналықты құрметтеу және қастерлеу дәстүрінің күні, қарт адамдардың еңбегін, олардың мемлекет дамуына қосқан көпқырлы үлесін мойындаудың белгісі ретінде аталып өтеді.  

Қазақстандықтардың әрбір жаңа буыны үлкендер даналығынан, олардың тәжірибесі мен адамгершілік қасиеттерінен үйренеді. Соғыс жылдарында өздерінің ерлік істерімен олар бейбітшілікті қорғады және сақтап қалды, жердегі тіршілікті сақтау үшін аштық пен қиындықтарға төзді, соғыстан кейінгі жылдары қираған халық шаруашылығын қалпына келтірді және өз еңбектерімен экономиканың дамуына лайықты үлес қосты. 

Мемлекет аға ұрпақ алдындағы парызын біледі. Бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналған күнделікті күтім, қолдау арқылы ғана өтеуге болатын қарыз. 

Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас ассамблеясында 1990 жылы  14 желтоқсанда жарияланған. 

Қарттар күнін атап өту мақсаты - қоғамның назарын егде жастағы адамдардың проблемаларына аудару, қоғамның демографиялық қартаю проблемасы, егде жастағы адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғам дамуына қосқан үлесі, егде жастағы адамдарға деген көзқарасты өзгерту қажеттілігі туралы халықтың хабардарлығын арттыру; ішкі әлеуетін іске асыру және олардың қадір-қасиетін сақтау үшін егде жастағы адамдардың тәуелсіздігін, қоғам өміріне қатысуын, қажетті  қамқорлығын, жағдайларын қамтамасыз ету.           

Халықаралық қарттар күні аясында, Астана қаласының  №1 көпбейінді қалалық ауруханасы мен 1КҚА кәсіподақ комитеті, егде жастағы аурухананың барлық бұрынғы және қазіргі қызметкерлерін құттықтады. Сондай-ақ 50, 60 жас мерейтой қызметкерлері әкімшілік пен кәсіподақ комитеті атынан естелік сыйлықтармен (20000 теңгеге тұрмыстық техникаға арналған «Технодом» сертификаты және шай жиынтығы) атап өтілді, сонымен қатар зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлерді құттықтады.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді