Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Акушерлік блок

+7 (7172) 36-60-23
+7 (7172) 36-60-39

010000, Нур-Султан,
ул. Тәуелсіздік, 3/1

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"


Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК (Р. Қошқарбаев даңғ.,66)  1 желтоқсан - тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2020 жылдың 2 желтоқсанында Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК-нда салтанатты іс-шара өтті.

Бірінші желтоқсан күні қазақстандықтар еліміздің  тұңғыш Президенті күні мерекесін тойлайды. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті НұрСұлтан Әбішұлы Назарбаев азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қорғауды, Қазақстанның бірлігін қамтамасыз етуші жаңа тәуелсіз мемлекетті құрудың негізін қалаушы болып табылады.

Алғашқы құттықтау сөздерін №1 көпбейінді қалалық аурухана директорының міндетін атқарушы Марат Қарсыбекұлы Абдуов  жеткізді:  «№1 көпбейінді қалалық аурухананың барлық қызметкерлерін осындай атаулы күн мерекесімен құттықтаймын. Тек елімізде ғана емес, сондай-ақ әрбір отбасында тұрақтылықтың болуын, жақындарыңызға мықты денсаулық пен амандық, барлық армандардың орындалуын тілеймін.» Аурухана әкімшілігі мен Кәсіподақ комитеті атынан зейнеткерлікке шығуына байланысты Умытай Сапаровна Махметова (инсульт орталығының тазалық сақтаушысы) құрмет грамотасымен марапатталды.

«1 желтоқсан - тұңғыш Президент күні» мерекесі күні №1 көпбейінді қалалық ауруханада 7 ұл және 7 қыз бала дүниеге келді, акушерлік блоктың босанған әйелдеріне Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің атынан құрмет грамоталары мен сыйлықтар (комбинезондар)  табысталды.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

 

Әбдуов Марат Қарсыбекұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Полезная информация для наших Пациентов

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Информация предоставлена Центром формирования здорового образа жизни города Нур-Султан