2013 жылдың шілде айында Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасының интервенциялық рентгенхирургия бөлімшесінің хирургтары ми қан тамырларының аневризмасын микроспиральдермен эмболизациялау - инновациялық әдісті енгізген.
Аневризма – зұлым ауру. Онымен өмір бойы сүруге болады, не болмаса нервілік күйзелістен кейін оның жарылуы және миға қан құйылуы мүмкін. Нәтиже – мүгедектік немесе өліммен аяқталу. Хирургиялық көмек болмаған жағдайда, ауру басталған кезінен бастап алғашқы жылында 70% дейін науқастар қайтыс болады, тірі қалған 25% мүгедек болып қалады.
Қазіргі уақытта дүние жүзінде аневризманы емдеудің ең тиімдісі эндоваскулярлық (тамырішілік) ем болып табылады. Өйткені эндоваскулярлық операция: ең төмен қауіп-қатер – өте зор нәтиже.
№1 қалалық аурухана Қазақстандағы эндоваскулярлық емнің озық шағын инвазиялық әдістерін, соның ішінде ми қан тамырларының аневризмасын микроспиральдермен эмболизациялаудың әдістерін құрал етіп алғандардың бірі.
Қазіргі кезде енгізілген инновациялық әдістің, №1 қалалық аурухананың рентгенохирургтарының жоғары кәсіпқойлығының, клиниканың заманауи жабдықталуының нәтижесінде, он пациенттің ми аневризмасының жарылуынан және оның асқынуынан аман қалуға сәті түсті.