Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2013 жылдың наурыз айында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының Оториноларингология орталығының жетекші мамандары, орталық меңгерушісі, м.ғ.д. Г.А. Мухамадиеваның басшылық етуімен, интервенциялық рентгенхирургтармен бірлесіп жастық мұрын-жұтқыншақ ангиофибромасын хирургиялық емдеудің негізінде жаңа әдісін жасаған және енгізген.

Жастық мұрын-жұтқыншақ ангиофибромасы жасөспірімдерде ең жиі кездесетін мұрын-жұтқыншақ ісіктерінің біріне жатады. Әдебиет деректері бойынша бас пен мойынның барлық ісіктерінің кездесу жиілігі 50 – 60 мың ЛОР пациентерге 1 немесе 0,5% құрайды. Аурудың алғашқы симптомдары – мұрнымен дем алудың қиындығы, мыңқылдақтық. Симптомдар ісіктердің өсуі мен шектес құрылымдардың зақымдану шамасы бойынша өседі: мұрыннан қан кету, экзофтальм, бет асимметриясы, птоз, бас аурулары пайда болады. Патология ЛОР-органдарының ауруларын диагностикалау мен емдеу үшін қиын болып саналады, ал осы түрдің ісіктерін сылып тастау бойынша операциялар оториноларингологиядағы ең қиындарының бірі.

Осы ауруды емдеу тиісті аппаратурамен жабдықталған, Оториноларингологтар мен интервенциялық рентгеннхирургтардың әрекет жасауымен, ірі клиникалық орталықтарда жүргізіледі. Енді Астананың №1 қалалық аурухананың базасындағы  Оториноларингология орталығында осы ауруды инновациялық әдіспен емдеуге болады.    

Бүгінгі күнде №1 қалалық аурухананың Оториноларингология орталығында 4 ұқсас операциялар жасалған. Жарты жыл бойы дәрігерлер ойлап тапқан емдеу әдісінің тиімділігін түпкілікті бағалау үшін, операциядан кейінгі кезеңде пациенттердің жағдайын бақылаған. Дәрігерлердің жағымды үміттері расталды, барлық пациенттер өзін жақсы сезінеді.

Операцияға дейін

Алдыңғы риноскопия кезіндегі көрініс (оң жақ мұрын жолы)

Алдыңғы риноскопия кезіндегі көрініс (сол жақ мұрын жолы)

Артқы риноскопия кезіндегі көрініс

Интраоперацялық сурет (электр пышақтың көмегімен қоректендіретін аяқшаны кесу жасалынады)

Интраоперациялық сурет (ЮАН алып тастағаннан кейін мұрын-жұтқыншақ көрінісі)

Интраоперациялық сурет (зақымданған бетке гемостатик губкасы салынады)

Алдыңғы риноскопия (мұрын тампонадасын алып тастағаннан кейін 1-ші тәулік)

 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді