Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Астана әкімдігі денсаулық сақтау нысандары бойынша баспасөз-турын өткізді

Астанада 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша баспасөз-туры барысында журналистер денсаулық сақтау нысандарын аралады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сынға алған қызметтері қатарында денсаулық сақтау саласының ілініп, соның ішінде медициналық қызмет көрсету мен емдеу орындарының білікті мамандармен қамтамасыз етілуі дәрежесінің төмендігі аталып еді.

«Баспасөз-турына қатысушылар көпкәсіптің қалалық №1 ауруханасына барды. Ауруханада бір уақытта 500 науқас ем қабылдай алады. 8 корпустың жалпы ауданы 63687,5 шаршы метр. 2012 жылы аталмыш кәсіпкерлік 3 жылға ISO 9001: 2008 TUV Rheinland халықаралық сертификатына қол жеткізген еді. 2013 жылдың соңына дейін JSI аккредитациясы стандартымен аурухана қызметтерін арттырып, медициналық қызмет сапасын арттыратын, барынша мол тиімділік пен өнімділікке жол ашатын семинарлар өткізуді көздеп отыр», - делінген хабарламада.

Баспасөз-туры барысында журналистер инсульттік, реанимация бөлімі мен гемодиализ орталығы жұмысымен танысты. Инсульттік орталық құрамына интенсивті терапия мен жан сақтау бөліміне арналған 6 төсек, реабилитацияға арналған 24 төсек, нейрохирургияға арналған 10 төсек кіреді. Науқастарға шұғыл көмек көрсету қызметімен мультидисциплинарлық бригада айналысады. Оның құрамында нейрохирургия дәрігерлері, невролог, реабилитолог, емдеу дене шынықтыру инструкторы, психиатр, кардиолог пен нейрореаниматолог кіреді.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді