2013 жылдың наурыз айында Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасы Ғылым және Технологиялар мектебімен (Назарбаев Университеті) бірлесе «Дәрігерлер, медбикелер мен пациенттер арасындағы өзара әрекеттестік процессінің жағдайын бағалау және жетілдіру» зерттеуін жүргізуіне Назарбаев Университетінен грант ұтып алған.
Зерттеу бағдарламасы медициналық қызметтер сапасын бақылау және жоғарылату мақсатында медицина қызметкерлері мен пациенттер арасында коммуникативтік дағдылар мен өзара әрекеттестікті бағалаудың гарвард әдістемесінің негізінде жасалған. Америка құпиялылық пен науқастарға құрметпен қараушылығы бойынша, жәрдемді уақытында көрсету және пациенттердің талаптары мен мұқтаждарын қанағаттандыру бойынша жетекші позицияға ие екендігі жұртқа мәлім.
Пациенттер мен дәрігерлер арасындағы өзара әрекеттестіктің денсаулық сақтау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды мағынасы бар. Медицина қызметкерлері мен пациенттер арасындағы түсініспеушілік дәстүрлі және тарихи ерекшелігінің нәтижесінде жиі болады. Зерттеу шеңберінде Гарвард университетінің ғалымдарымен құрастырылған сауалнамалар бойынша 200 пациенттер мен 200 медицина қызметкерлері (дәрігерлер, медбикелер) арасында сауалнама жүргізілген болды. Алынған зерттеу нәтижелерінің негізінде медицина қызметкерлерінің пациенттермен өзара әрекеттестігі бойынша коммуникативтік дағдылардан №1 қалалық аурухана дәрігерлері мен медбикелер үшін мастер-класс ұйымдастырылған болды.
Медицина қызметкерлері арасында байланысты жақсарту, дәрігерлер мен пациенттер арасында түсініспеушілікті азайту мақсатында, аурухана басшылығы медицинада пациент-хабардар принциптерін жетілдіру үшін мастер-класстар мен тренингтерді ұйымдастыруымен коммуникативтік дағдыларды бағалау мен бақылауын жүйелі түрде жүргізу шешімін қабылдаған.