Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2014 жылдың 15 желтоқсанында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Салтанатты жиналыс барысында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері Алексей Владимирович Цой барлық аурухана қызметкерлерін осы ерекше мәні бар күнмен құттықтады. Құттықтау сөзінде ол Тәуелсіздік күнінің әрбір қазақстандық үшін айрықша мәнділігі туралы айтып өтті. Алексей Владимирович Қазақстан игілігіне қосқан еңбегі үшін ұжымға рақметін айтты және аурухана қызметкерлеріне табыс пен одан арғы кәсіби дамуын тіледі, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлерге құрмет грамоталарын табыс етті.

Сондай-ақ, осы ерекше мәні бар күні біздің ауруханамыздың дәрігерлері Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың қолынан лайықты наградалар алды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі М.Қ. Абдуов наградталды және «Шапағат» медалімен Уроандрология бөлімшесінің уролог дәрігері К.В. Чичеров белгіленді.

Ұлттық рухымыздың күші мен намысы тарихи кезеңдерді белгіледі және әрдайым бізге мемлекеттілігімізді құру мен нығайту жолында осы қиыншылықтарды еңсеруге көмектесті. Осы күндер 23 жыл болып атап өтілсе де, қазір ғана біз осы мереке қаншалықты маңызды екенін және біздің Отанымыздың тәуелсіздігін түсінуін толық көлемде ұғындық.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді