Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2013 жылдың 15 наурызында «Дүниежүзілік бүйрек күні» шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас нефрологы С.К. Туғанбекованың төрағалық етуімен, денсаулық сақтау мамандарының қатысуымен бүйрек ауруларымен ауыратын емделушілер үшін «Ашық есік күні» өткізілген болды. 

Барлық дүние жүзінде 500 миллионнан астам адам немесе біздің ғаламшарымыздың әр онынша ересек тұрғыны бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен зардап шегеді. Қазақстанда бүйрек ауруларымен емделушілер саны 1500 астам адам, олардың тым жартысы балалар мен жастар. Сол шақта елімізде бүйрек ауруларымен адам саны жылдан жылға тапжылмай өсуде.     

Осы аурулардың шырқауының негізгі себептерінің бірі кеш уақыттағы диагностика болып табылады. Өз кезегінде бүйрек ауруларының кеш уақыттағы диагностикасы мына қатардағы мәселелермен байланысты: нефрологтардың қатты жетіспеуі, креатининге қан анализін, сондай-ақ нәруызға зәр анализін жаппай өткізудің жөнге салынған жүйесінің болмауы. Нәтижесінде дәрігерлерге асқынған ауруымен, жиі созылмалы бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен емделушілер түседі. Бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің ауыр түрі кезінде емделушілерге гемодиализ немесе перитонеалдық диализ емшарасының көмегімен қанды жүйелі тазарту қажет. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі мәселесін түбегейлі шешетін бірден-бір әдіс транплантация болып келеді, ол да қатардағы мәселелермен байланысты.

Осы және көптеген басқа да мәселелерді денсаулық сақтау мамандары емделушілермен бірлесіп талқыға салған. Нефрология үшін Ашық есік күні дәрігерлердің емделушілермен әңгімелесу форматында алғашқы рет өткізілген болды. Осы іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – емделушілермен олардың денсаулығымен байланысты өзекті мәселелерді талқылау, одан әрі талдау жасап және оларды шешудің жолдарын ұсыну. Толық ақпаратты алу үшін кездесуді ұйымдастырушылар диализ алдындағы кезеңде, бағдарламалық гемодиализда жатқан және де бүйрек трансплантациясы бойынша операцияны қажетсінетін емделушілерді шақырған. Осы кездесу шеңберінде емделушілер Астана қаласы бойынша нефрологиялық қызметтің жағдайы, Астана қаласы бойынша гемодиализ қызметінің  жағдайы туралы, Республикалық трансплантация жөніндегі үйлестіру орталығының қызметі, елімізде трансплантацияның қазіргі заманғы кезеңде дамуы туралы баяндамаларды тыңдады.

Іс-шараның бастамашысы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс нефрологы Д.Қ. Төребеков, Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасының нефрология бөлімшесінің меңгерушісі. Оның пікірі бойынша, осындай кездесулер көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, емделушілермен байланыс орнатуға, көптеген мәселелерді анықтауға көмектеседі. «Біз емделушілерді тындасақ, ал емделушілер бізді тындаса екен деп қалаймыз».

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді