Медбике күнін Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында салтанатты түрде атап өтті
2013 жылдың 13 мамырында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК Халықаралық медбике күніне арналған салтанатты іс-шара өткен. Медбикелерді олардың кәсіби мерекелерімен аурухана басшылығы құттықтады. Ең лайықты медбикелер көп жылдық және адал еңбегі үшін грамотамен марапатталған болды.
Медбикелердің кәсіби мерекесі Крым соғысы (1853 - 1856) уақытында дүние жүзіндегі алғашқы мейірие қызметін ұйымдастырған ең атақты ағылшын әйелдерінің бірі Флоренс Найтингейлдің туылған күнінде тойланады.
Бүгінде Халықаралық медбикелер күні кәсіби мерекелер арасында лайықты орынға ие. Медбикелер – бұл пациенттермен, олардың отбасыларымен әрдайым байланыста болатын медицина қызметкерлерінің негізгі тобы. Медициналық білімдерінен, дағдылары мен икемділіктеріннен басқа, осы кәсіптің өкілдері шын ашықтығымен, мйірімділікпен, жан ашарлықпен және бірге күйзелумен ерекшеленеді. Әрине емдеу мекемесінде медбике пациент үшін ең жақын, әрі сенімді адам болып келеді.
Жыл сайын медбике қызметкерлерінің кәсіби қызметі күрделенеді, өйткені жоғары технологиялы медициналық қызметтердің спектрі кеңеюде, медбике күтімінің сапасына және пациенттердің қауіпсіздігіне талаптар жоғарылауда. Осыған байланысты, қазіргі кезеңде медбике ісінде жаңа тәсілдерді дамыту мен қалыптастыру ең өзекті болып табылады.