Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2018 жылдың 13 қыркүйегінде сағат 13.00-де Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-ның базасында (Р. Қошқарбаев даңғ.66) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда еңбек ұжымының атқаратын рөлі» тақырыбында лекция өткізілді.

Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасы «ЖАҢАРУ» сылайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс» ӨҚҰ Астана қаласы бойынша филиалымен (бұдан әрі-Филилал) біріге отырып, «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік жоба тапсырысын іске асыру шеңберінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің және Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда еңбек ұжымының атқаратын рөлі» тақырыбында оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, мемлекеттік қызмет саласын бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық қауіпін талдау, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жиын өткізілді. 

«ЖАҢАРУ» сылайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс» ӨҚҰ филиалының директоры Рахметуллин Даулеткерей сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша лекция оқыды.

Аталмыш кездесу қоғамда жалпы тәртіпті, қауіпсіздікті құруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға қатысты төзімділік атмосферасын құруға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және оларды болдырмауға, оның салдарын азайтуға бағытталған, сонымен қатар азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерге қатысуын көздейді. 

Кездесу барысында Мобилдік насихаттау тобы, Мобильдік қоғамдық қабылдау тобы құрамында Филиал директоры Рахметуллин Даулеткерей, «ЖАҢАРУ» ӨҚҰ Орталық аппаратының бас сарапшысы Алиев К.Х., Алматы аудандық филиалының директоры  Каппаров Д.К. қатысуымен қабылдау ұйымдастырды, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесуде бас дәрігердің инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Дулат Махамбетович Имашпаев сөз сөйледі, №1 қалалық ауруханаың бас дәрігерінің бастамашылығымен қазіргі таңда азаматтарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша белгілі бір іс-шаралар қабылданып жатыр.

Аурухана ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне ролик көрсетілді, барлығы 150 қызметкер қатысты. 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді