https://www.auruhana1.kz/index.php/kz/bizdi-zha-aly-tar/846-aza-stan-respublikasy-prezidenti-n-nazarbaevty-aza-stan-khal-yna-arna-an-zholdauymen-aurukhana-yzmetkerlerini-tanysu-otyrysy-tti#sigProId1ac12254e6
2018 жылдың 9 ҚАЗАНЫНДА «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауымен аурухана қызметкерлерінің танысу отырысы өтті. Мұндай мазмұны мен мәні жағынан ерекше құжат мемлекеттік органдар үшін әрекет етудің, ұзақ және қысқа мерзімдегі қоғам мен бизнес үшін біртұтас стратегияны анықтайды. Жолдаудың басты мазмұны-қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі. Ол үшін нақты міндеттерді іске асыру алға қойылды – ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, бизнестің жол картасын жалғастыру, монополистердің қызметтеріне арналған тарифтерді тәртіпке келтіру бойынша іс-шаралар және халықтың тұрақты табысының артуына мүмкіндік беретін өзге де қадамдар.
Білім беруге, ғылымға және денсаулық сақтауға арналған шығындарды ЖІӨ 10%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр, медицина қызметкерлерінің жеке санатының жалақысын арттыру, салауатты өмір салтын дамытуға жағдай жасау, халықты сапасыз тауарлардан және қызметтерден қорғау. Ал тұрғын-үй мәселесі, жергілікті жолдарды дамыту, ауылдарды сумен жабдықтау, эконологияны жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жақсы өмір сүру үшін қоллайлы жағдайлар тудырады. Жолдаудың міндеттерін іске асыруда мемлекеттік аппараттың тиімді қызметіне және қазақстандықтардың елдегі жаңару процестеріне ортақтастығы маңызды және жауапты рөл ойнайды. Жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басты ерекшелігі болып табылады, сондай-ақ 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды.